Әлем • 14 Сәуір, 2019

Өзбекстанның ресми агенттігі қазақша ақпарат таратады

1275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның ресми ақпараттық агенттігі тұңғыш рет қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосты деп хабарлайды УзА агенттігі.

Өзбекстанның ресми агенттігі қазақша ақпарат таратады

Өзбекстанның ұлттық ақпараттық агенттігі - ресми мемлекеттік ақпарат көзі әрі елдегі жетекші ақпарат агенттік. УзА агенттігі өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, қытай тілдерінде - 8 тілде ақпарат таратады. 

«Өзбекстанда Қазақстан жылы жариялануына байланысты тұңғыш рет елдің ресми ақпараттық агенттігінде қазақ тілді нұсқа іске қосылды. Агенттіктің веб-сайты Өзбекстан мен Қазақстандағы өзгерістер жөніндегі жаңалықтар бойынша жедел және объективті ақпарат таратуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Агенттіктің хабарлауынша, веб-сайттың басты міндеті - екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды барынша толыққанды беру, достық пен келісімнің нығая түсуін және бауырластықты насихаттайды. 

«Бұл парақша бауырластық пен жақын қарым-қатынасты нығайтуға, барлық саладағы мүдделерді қамтуға ықпал етеді», - делінген хабарламада.