Зерттелген нәтижелер бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда 373,1 мың адам немесе зерттелген кәсіпорындағы қызмеркерлердің жалпы санынан 22,3% жұмыс істеді Соның ішінде шудың және дірілдің жоғары деңгейі жағдайында 169,3 мың адам, ШҰК-дан (шектеулі ұйғарынды концентрациядан) асатын жұмыс аймағындағы ауаның газдануы мен шаңдануы әсерінде – 128,3 мың адам, қолайсыз температуралық режимде – 65,9 мың адам, басқа қолайсыз факторларда – 9,6 мың адам еңбектенген. Ауыр дене еңбегімен шұғылданғандар 85,3 мың адам.
Жалпы экономикалық қызмет түрлері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін ерлердің саны әйелдердің санынан 3,3 есеге артты. Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер салаларындағы (3,3 есе) қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан артты.
Ауыр дене еңбегімен шұғылданатын ерлер саны арасында әйелдердің саны 11,4 есеге артты. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жабдықтарда жұмыс істейтіндердің жалпы санынан ерлердің саны әйелдердің санынан 11,4 % артық, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласын қоспағанда әйелдердің саны ерлердің санынан 10 есе артық.
Өңірлер бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің арасындағы едәуір үлесі Павлодарда – 41,5%, Қарағандыда – 41,2%, Маңғыстау облысында - 38,7%, Шығыс Қазақстанда – 27,6%, Шымкент қаласында – 26,6% белгіленді. Қызметкерлердің ең аз үлесі Батыс Қазақстан облысында (5,46) белгіленді.
2018 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін өтемақылар мен жеңілдіктерге 116 353,9 млн. теңге жұмсады.Қосымша демалыс (жеңілдіктің түрі) 520,5 мың адамға берілген, зиянды және және басқа да қолайсыз еңбек жағдайына әртүрлі материалдық қосымша төлемдерді 391,1 мың адам пайдаланған, 320,1 мың адам – сүт немесе тең бағалы тағам өнімдерін тегін алды, 80,4 мың адам – тегін емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілді, ал 48,1 мың адам – қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс істеген.
Осы статистикалық байқаудың нәтижелерін тереңірек зерделеу үшін «Қазақстан Республикасындағы жеке экономикалық қызмет түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны» бюллетенінің электрондық нұсқасы www.stat.gov.kz сайтындағы «Ресми статистикалық ақпарат»/ «Еңбек»/ «Бюллетендер» бөлімінде орналастырылған.
Статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда жекелеген экономикалық қызметтің түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жыл сайын жүргізіледі.