Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Журналистика бойынша XI республикалық пәндік олимпиадасы өтуде

1361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің XI Республикалық пәндік олимпиадасы басталған-ды.

Журналистика бойынша XI республикалық пәндік олимпиадасы өтуде

Екі күнге созылған білім додасына еліміз аймақтарынан келген 17 команда қатысып, бақ сынасты. Пәндік олимпиаданың басты тақырыбы - «Ұлы дала ұлағаты». Жарыстың алғашқы күнінде қатысушы студенттер таныстыру және эссе жазу бойынша біліктіліктерін ортаға салды. Сайыс шарты бойынша қазылар алқасы әділ төрелігін айтып, жазылған жұмыстар негізінде өз пікірлерін білдірді. Сайыс қорытындысы бүгін белгілі болады.

Олимпиадаға қатысушылар ұйымдастырушылардың ұсынысына орай Павлодар қаласының көрікті жерлерін аралап, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының мешіті, Рәміздер саябағы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде болды. Қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихымен танысқан студенттердің сапардан алған әсерлері ерекше.

Соңғы жаңалықтар