Қазақстан • 16 Сәуір, 2019

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

994 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жауын-шашынды, оңтүстігі мен шығысында – кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, тек солтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, күн күркірейді, бұршақ жауады, көктайғақ, жел тұрады», делінген хабарламада.

Астанада құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады, түнде және ертеңгісін тұман түседі, көктайғақ. Солтүстіктен соққан 9-14 м/с жел түнде оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +5+7, түнде -3-5. 

Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +9.+11

Шымкентте күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +11+13.

Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман түседі, бұршақ жауады, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +11+16.

Түркістан облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз тауларда және тау маңдарында нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +10+15.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын түседі, кей жерлерде – тұман, күндіз-көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23 м/с болады. Күндіз +4+9, түнде -2-7. 

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде – тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде -2-7.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -2-7.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде 0-5.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз тауларда және тау маңдарында нөсер жаңбыр жауады, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +8+13.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынды, кей жерлерде қатты, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +7+12, түнде +5+10.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +17+22, түнде +8+13.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз ауа температурасы +12+17, түнде -3+2.

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0+5.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +17+22, түнде +8+13.

Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +17+22, түнде +7+12. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +7+12, түнде 0-5.

«Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су тасқыны қалыптасады, беткейлік ағын су болуы мүмкін. Жазықтық аумақтардағы жекелеген өзендерде (Ақмола, БҚО, Ақтөбе, Қостанай облыстарында) және республиканың орталығында су деңгейінің құбылуы байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының өзендеріндегі мұздар ары қарай ери береді, су тасқыны болуы мүмкін, Сергевский су қоймасының төменгі жағында су деңгейінің көтерілуі мен су тасулар болуы мүмкін», деді синоптиктер.