20 Маусым, 2012

Аттестаттаудың пайдасы көп

354 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Аттестаттаудың пайдасы көп

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54

Президенттің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарыныңқызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығыжарияланғаны баршаға аянБіздің елімізде мұндай аса маңызды шаратәуелсіздік алғаннан бері бірінші рет жүзеге асырылмақшыПрезидентЖарлығындағы көрсетілген кезектен тыс аттестаттаудың негізгімақсаты – бизнес пен қоғамның қолдауына жауап беретін қазіргі заманталабына сай келетін жоғары дәрежелі құқық қорғау жүйесін құру,кадрлық әлеуетін қалыптастыру болып отыр

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54

Президенттің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарыныңқызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығыжарияланғаны баршаға аянБіздің елімізде мұндай аса маңызды шаратәуелсіздік алғаннан бері бірінші рет жүзеге асырылмақшыПрезидентЖарлығындағы көрсетілген кезектен тыс аттестаттаудың негізгімақсаты – бизнес пен қоғамның қолдауына жауап беретін қазіргі заманталабына сай келетін жоғары дәрежелі құқық қорғау жүйесін құру,кадрлық әлеуетін қалыптастыру болып отыр.  Кезектен тыс аттестаттаунегізінде құқық қорғау органдарын өздерінің беделін түсіргенқызметкерлерден тазарта отырыпөз қызметіне адал кәсібимамандарды іріктеудің тиімді тетіктерін құруқұқық қорғауоргандарының кадр саясатын заман талабына сай сапалы түрде жолғақоюосылайша оларға деген халықтың сенімін арттыруды жүзегеасыру болып отыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс сы­нақтан өткізу барысында оның қызметіне адалдығы, кәсіби білі­мінің талапқа сәйкестігі, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ өзге де пайдакүнемдік теріс іс-әрекетте­рімен байланысының болмауы, заңдылық пен құқық тәртібін сақ­тауға деген жауапкершілік се­зі­мі жан-жақты таразыға түспек. Ең бастысы, құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын әрбір азаматтың кәсіби білімі атқара­тын лауазымына сәйкес болғаны жөн. Құқық қорғау органдарында қыз­мет атқаратындардың кейбі­реуін­де 2-3 жоғары мамандық алған­дығын куәландыратын дипломдары жетерлік. Қазіргі заманда кәсі­би білім дәрежесі ал­ған атақпен, шенмен немесе диплом санымен емес, нағыз терең біліммен, жо­ғар­ы сауат­ты­лық­пен, құқықтық саясатты терең меңгергендігімен, жоғарғы құ­қық­­тық мәдениетті­лікпен өлше­нетіні баршаға аян. Өйткені, біз өркениетті елдер қата­рына қо­сыл­ған, құқықтық мемлекет құ­ру­шы елміз. Құқық­тық мем­лек­еттің құқық қорғау органдары­ның қызметкерлері де за­ман және заң талабына сай келетін құ­қықтық білімі мол көр­некті жандар болуы қажет. Кезектен тыс аттестаттаудан өткізу кезінде осын­дай кәсіби талаптар­ға сәй­кестілік басты назарда ұстала­тыны ақиқат.

Құқық қорғау органдары қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттес­таттаудан өткізу жөніндегі комиссия Елбасы Жарлығымен бе­кі­тілген. Онда осы комиссияның құқықтық мәртебесі, өкілеттігі, ат­тестаттаудан өткізу қағида­ла­ры, міндеттері және қызметін ұйым­дастыру мәселелері нақты­ланған. Сонымен қатар, сынақтан өтетін қызметкердің шағымдану тәртібі арнаулы ережеде айқын­далған. Мұ­­ның өзі кезектен тыс сынақтан өткізудің әділетті, заң талабына сәйкес өткізілуіне зор мүмкін­дік­тер жасалып отырған­дығын көр­се­теді.

Кезектен тыс аттестаттау­дың пайдалы, тиімді жақтары көп. Өйткені, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет ететін осы сала қызметкерлерінің жауапты­лығы ар­та түседі. Қоғам мүше­лері де олардың атқаратын қыз­метінің мазмұнын терең түсіну­мен бірге, оларға деген құрметтің бүгінгіден де арта түсуіне қолай­лы мүмкін­діктер жасайды.

Құқықтық, демократиялық мем­­лекет ретінде Қазақстан әлем­де зор беделге ие. Ендеше, адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау­да, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуда құқық қорғау қызмет­керлерінің атқаратын қыз­меті ерек­ше. Құқық қорғау қыз­мет­кер­лері мемлекеттік билік өкілдері болып табылады. Міне, осы тұр­ғы­дан алғанда, олар мұн­дай жа­уап­ты қызметте терең бі­лімімен, үл­гілі тәртібімен өз ісіне беріл­гендігін, кәсіби деңгейінің жоға­ры екен­дігін көрсете білуі шарт.

Біздіңше, комиссия құра­мын­да қоғамдық ұйымдардың, саяси пар­тиялардың, заңгер-ғалымдар­дың, бұқаралық баспасөз құрал­да­рының өкілдері де болғаны өте дұрыс. Өйткені, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсі­би-білім дең­гейіне заңгер-ғалым­дар баға берсе, қоғамдық ұйым­дар мен саяси партия өкілдері сынақ­тан өтетін қыз­меткерлердің жұрт­шы­лық алдын­дағы беделін анық­тауға жәрдем­деседі. Ста­тисти­калық мә­лімет­терге жүгін­сек, тек 2010 жыл­дың өзінде аза­мат­тар­дың конс­титу­ция­лық құ­қық­тары мен бостандық­тарын бұз­ғаны үшін 71 құқық қорғау қызметкер­леріне қылмыс­тық іс қозғалған екен. Олардың 56-сы ішкі істер, 3-уі қаржы полициясы, 3-уі кеден, 2-уі тө­тенше жағ­дайлар органдары қыз­мет­кері. Осы жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты 109 қыл­­мыстық іс қозғал­ған. Оның 89-ы ішкі істер органы, 32-сі қыл­мыс­тық атқару жү­йесі, 18-і кеден органы, 11-і қаржы полициясы, 18-і Төтенше жағдай­лар  минис­трлігі, 3-уі ұлттық қа­уіпсіздік органы қыз­мет­керлеріне қатысты көрінеді. 2010 жылы жекелеген азаматтардан құқық қорғау органдары қыз­меткерлерінің зор­лық-зомбы­лық әрекеттеріне жол берілгені үшін 263 арыз-шағым ресми түрде тіркелген.

Арықбай АҒЫБАЕВ,

заң ғылымдарының докторы, профессор.

Алматы.