Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Петропавлдықтар лиридтердің метеорлық жауынын бақылады

863 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Андрей Солодовниктің айтуынша, лиридтердің метеорлық жауыны алғаш рет б.з.д. 687-ші жылдары Қытайда байқалған.

Петропавлдықтар лиридтердің метеорлық жауынын бақылады

Бұл құбылысты әр жылдың көктем мезгілінде тамашалауға болады. Осы мезетте түн ортасында  аспан ғажайып  кейіпке енеді. Бұрындары сағатына 1000-ға жуық жұлдызды жауын көрінсе, бүгіндері олардың саны әлдеқайда кеміген. Мамандар лиридтердің сирек кездесуін жердің траекториялық қозғалысының өзгеруі себебімен түсіндіреді. Көктемгі жұлдызды жауынның қай күні орын алатынын болжау да оңайға  соқпайтын көрінеді.     

Десек те, университетте орналасқан овсерваторияның көмегімен петропавлдықтар  лиридтердің қозғалысын 16-шы сәуірден бастап тамашалай бастады. Жұлдызды жауынның бірнеше түрін көргендер аз емес. 19 сәуірде айдың толуына байланысты метеорлық ағынды бақылау күрделенетініне қарамастан ғажайып құбылыс 26 сәуірге дейін жалғасады.

Солтүстік Қазақстан облысы