Аймақтар • 17 Сәуір, 2019

Солтүстік Қазақстан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев облысы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан  әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Р. Әлішев–Қызылжар өңірінің тумасы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.

2004-2013 жылдары ─ Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің инспекторы,  Ішкі саясат басқармасының орынбасары,басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болған.

2013-2018 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитеті электрондық БАҚ басқармасының басшысы,  «Нұр Отан» орталық аппараты саяси жұмыстар департаментінің директоры, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» мекемесіне жетекшілік еткен.