Қоғам • 17 Сәуір, 2019

«Almaty Travel Fest» саяхатшылар форумы өтеді

1396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 сәуірде «Туризм және саяхат» 2019 көрмесі аясында «Almaty Travel Fest» саяхатшылар форумы өтеді.

«Almaty Travel Fest» саяхатшылар форумы өтеді

Бұл әуесқой саяхатшылар мен кәсіби мамандарды біріктіретін және белгілі трэвел-фотографтармен, трэвелблогерлермен, тілшілермен және басқа да туристік бизнес өкілдерімен танысуға арналған бірегей алаң. Айта кетер жайт, аталмыш шара 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Форумның ұйымдастырушысы – «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен ITECA компаниясы.

«Almaty Travel Fest 2019» қонақтарын қызықты әңгімелер мен презентациялар түрінде тылсым сырға толы алыс жолдарға «саяхат» күтіп тұр. QazaqGeography-дің экспедициялары мен Қазақстанның туристерге арналған тарихи мекендері, қорықтары жайлы Нұржан Алғашов сөз бастайды. Көршілес Қырғызстанның таң қалдырар табиғатын Бішкекетен келген қонақ Азамат Акматов баяндайды. Марокконың құпиялары жайлы Динара Калимова айтып берсе, Ресей саяхатшысы Евгений Андросов Жаңа Зеландияға сапары жайлы сөз қозғайды. Танымал блогер Александр Цой «солтүстік жарықтарын» іздеудегі өз хикаясын баяндамақшы. Лайфстайл блогер Сәуле Сергазиевна Оңтүстік Африкаға сапары кезіндегі қызық оқиғалармен бөліспекші.

Алдын ала мына сілтеме арқылы тіркелгендер үшін кіру тегін: https://kitf.kz/ru/poluchite-bilet , промо-код KITF19FEST. Форумның аяқталуына орай «НСК» сақтандыру компаниясы мен «SCAT» авиакомпаниясынан бағалы сыйлықтар ойнатылатын болады. Айта кетер жайт, Нұр-Сұлтан қаласынан Ұлан-Баторға дейінгі әуе билетін ұтып алуға да мүмкіндік болады.

Шараның өтетін орны: Алматы қаласы, Атакент халықаралық көрме орталығы, 11-павильон.

Уақыты: 19 сәуір 2019 ж., сағат 10.30-дан 15.30-ға дейін