Жанат БЕКЖАНОВ, Қызылорда қалалық сотының төрағасы: Сот төрелігіне сенім артып келеді
Сейсенбі, 24 шілде 2012 7:33
– Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау салаларын реформалауғаайрықша назар аударып келеді. Жолдауда міндеттелген сот жүйелерінжаңғыртудың мәселелері қалай орындалып жатыр?
Сейсенбі, 24 шілде 2012 7:33
– Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау салаларын реформалауғаайрықша назар аударып келеді. Жолдауда міндеттелген сот жүйелерінжаңғыртудың мәселелері қалай орындалып жатыр?
– Елбасы өз Жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселесіне арнайы тоқталып, алдағы уақытта сот жүйесін қай бағытта жүйелі түрде реформалау қажеттігін ерекше атап көрсетті. Бұл Жолдау судьялар қауымдастығы тарапынан ерекше ықыласпен қабылданып, бүгінде оны іске асыру бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Сот беделі мемлекет мәртебесі екенін естен шығармауымыз керек. Мәселен, судьялар мен судья лауазымына кандидаттарға арналған жоғары критерийлер мен стандарттар енгізіліп, сапалы судьялық корпус қалыптасып келеді. Судьяларға үміткерлердің кәсіптік және моральдық қасиеттерін зерделеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында олар туралы мәлімет жарияланады. Бұл мінсіз судья корпусын құрудың іргетасы болып табылады. Сонымен қатар, осы сот жүйесінің өзекті деген мәселелерін шешу мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» және «Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңдарына өзгерістер енгізілді. Онда соттардың тәуелсіздігі мен мемлекеттік сот қызметінің әділ жұмыс істеу, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігін арттыру, сот процедураларының ашықтығы мен айқындығын барынша қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңдық мүдделерін қорғау міндеттері тиянақты түрде қамтылған. Бүгінгі таңда соттар қызметін ұйымдастыру, судьялар мәртебесі, судьялық кадрларды іріктеу, тағайындау тәртібі, сондай-ақ соттар қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері конституциялық деңгейде реттелген.
– Сот жүйесін жетілдіру бағытында бірнеше заңдарға өзгерістерензіліп жатыр. Осы не өзгеріс? Соны таратып айтыңызшы…
– Қабылданған өзгерістерге байланысты облыстық соттарда апелляциялық сот алқалары азаматтық және әкімшілік істер, қылмыстық істер болып қайта құрылады.
Кассациялық сот алқасын мұнан былай облыстық соттардың төрағалары басқаратын болады, ол өзінің төрағалық міндеттерімен қоса басқа судьялар секілді істерді қарайды, алқаға төрағалық етеді. Өзге алқа төрағаларының өкілеттіктері де осылай белгіленген. Бірінші сатылы соттарда қаралған істер бойынша қабылданған сот шешімдеріне келіспеген жеке және заңды тұлғалардың істері енді алдымен апелляциялық сот алқасында, сонан соң кассациялық сот алқасында қаралып, түпкілікті шешімін табады. Бұл сотқа жүгінген азаматтардың даулы мәселелерін шешу үшін Астанаға арызданбай, жергілікті соттарда түбегейлі шешімін табуы үшін жасалған игі істердің бірі. Аталған жәйт жергілікті соттардың өкілеттігі мен жауапкершілігінің, оларға деген халық сенімінің арта түскенінің айғағы. Осылайша облыстық соттарда енді екі сот алқасы жұмыс істеп, заңның бұл баптары ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталған заңға енгізілген өзгерістер облыстық сот төрағаларының және алқа төрағаларының қатардағы судьялармен бірге істерді қарауы, істер бойынша сол өңірде, республика көлемінде дұрыс сот тәжірибесін және бірізділікті қалыптастыруға септігін тигізеді деп ойлаймын.
Заңдағы тағы бір атап өтерлік өзгеріс ол – судьялардың шынайы тәуелсіздігін нығайтуды қамтамасыз ететін нормалардың қабылдануы. Енді жергілікті сот судьяларының тәртіптік жауапкершілігін қарауға қағидатшыл көзқарас танытылып, олардың жауапкершілігін қарау мәселесі облыстық соттардың құзырынан алынып, Жоғарғы Сот жанындағы Сот алқаларының құзыретіне берілді. Сот алқаларының құрамы Жоғарғы Сот, облыстық және аудандық соттардың судьяларынан тұрады. Бұл – жергілікті сот судьялары өз өндірістеріндегі істерді қарау кезінде, оларға өзге мемлекеттік органдар және де облыстық сот төрағалары тарапынан қандай да бір ықпал жасау, кедергі келтіру болмайды деген сөз.
– Қазақстан Республикасының Судьялар одағының Қызылордаоблыстық филиалының төрағасы болып сайланған екенсіз.Судьялар одағының қызметі мен мақсаты қандай?
– Филиалдың мақсаты мен міндеттеріне судьялар қоғамдастығының маңызды мемлекеттік – құқықтық проблемаларды шешудегі айқындамасын анықтау, соттар жұмысы мен судьялар мәртебесінің өзекті проблемаларын қарау, соттардың тәуелсіздігін күшейту, сот билігін нығайту және судьялық өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерде судьялардың мүддесін білдіру, сот тәжірибесін және заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылауға қатысу, судьялардың кәсіптік деңгейін арттыру, оларды оқыту жөніндегі шараларға қатысу, соттардың қызметіне және заң қолдану тәжірибесіне қатысы бар заң жобаларына және өзге де нормативтік актілерге қоғамдық сараптама жүргізу болып табылады.
Судьялардың барлығы қылшылдап тұрған жастардан құралмаған. Ал егде адамдардың денсаулық жағдайы көбіне-көп жақсы бола бермеуі мүмкін. Сондықтан Судьялар одағының жарғысына 55 жастан асқан соттардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін арнайы ереже енгізілген. Ережеге сәйкес, судьялардың денсаулығын қалыпты жағдайда жақсартып отыру басты мақсат болып саналады. Сол бойынша біз облыстық медициналық орталығымен келісімге келдік. Келісім бойынша, 55 жастан асқан судьялардың арасында денсаулығы сыр берген әріптестерімізді Облыстық медициналық орталығының ақылы бөліміне профилактикалық емдеу үшін жолдама беріліп отыратын болады.
Алдағы уақытта белгіленген жоспар бойынша соттардың материалдық-техникалық жағдайларын жақсартуға ат салысу, судьялардың әлеуметтік жағдайын көтеру сияқты жұмыстар жоспарланып отыр.
– Осы халықтың сотқа деген сенімі қай деңгейде деп ойлайсыз?
– Соңғы 5 айдың ішінде қалалық сотта 3400 талап-арыз тіркелді. Ал былтырғы жылдың 6 айында 2965 талап-арыз түскен болатын. Осының өзі халықтың сотқа сенетінін, соттардан әділдік күтетінін білдірсе керек. Қазіргі таңда соттардың ашықтығы мен жариялылығының, қолжетімділігінің едәуір жақсарғандығы айтылып та, жазылып та жүр. Қазақстан Республикасы 17 ақпандағы № 565-IV санды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аты да айтып тұрғандай сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Әңгімелескен Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда.