Руханият • 18 Сәуір, 2019

«Айтыскер ақын» мамандығы ашылды

1867 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қашан да халықтық өнерді дәріптеудің озық үлгісін көрсетуден танбай келе жатқан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәстүрлі «Ашық есік күні» аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы және Жастар жылына орай «Ұлы дала дарындары» атты республикалық жас өнерпаздар байқауы болып өтті.

«Айтыскер ақын» мамандығы ашылды
Байқауға музыкалық жә­не көркемсурет орта оқу орын­дары­ның 4-курс студенттері мен ар­найы мамандандырылған музыка және көркемсурет мектептерінің 12-сынып оқушылары қатысып, 12 аталым (ән, жыр, домбыра, қобыз, сыбызғы-сазсырнай, же­тіген, шертер, айтыс, көр­кем қыш, көркем тоқыма, зер­герлік іс, ағашты көркемдеп өңдеу) бойынша бақ сынады. Қа­зақстан Республикасының көр­некті өнер қайраткерлері мен Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясының бі­лікті ұстаздарынан құралған қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары мара­пат­талып, оларға қаржылай және басқа да ынталандыру сый­лық­тары табысталды.

Ресми ашылудан кейін бел­гілі өнер қайраткерлері шы­ғар­­машылықпен айналысатын жастармен кездесті. Ша­раға академияның өнер­паз сту­дент­терімен қатар, бүгінде қа­зақ эстрадасында өзіндік орны бар «Эстрадалық өнер» фа­куль­тетінің магистранттары Динара Сұлтан, Айқын Тө­леп­берген, сон­дай-ақ осы фа­куль­­теттің сту­денті Ернар Айдар кел­гендер­дің алдында өнер көр­сетті.

Жүргенов атындағы Қа­зақ ұлттық өнер академиясын­да дәс­түрлі «Ашық есік күні» ая­сын­дағы шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Азияның үздік актрисасы» Самал Есля­мо­ва құрметті қонақ ретінде қа­тысып, құттықтап сөз сөйледі. «Ашық есік күні» жарияланған ең жағымды жаңалық – алдағы жа­ңа оқу жылында «Ұлттық өнер» факультетінің ішінен «Ай­тыскер ақын» мамандығы ашы­лады. «Айтыскер ақын» маман­дығы бойынша курсқа қа­былдауға белгілі ақын, бүгінгі айтыс өнерінің ақтаңгері, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Жүрсін Ерман арнайы ша­қырылды. Академия ректоры Асхат Маемиров Мәдениет және спорт министрлігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы академиялық ғы­лыми кеңесінің шешімімен Ерман Жүр­сін Молдашұлына «Құрметті про­фессор» атағы берілгендігін ха­барлап, куәлігін табыстады. Жүрсін Ерман өз сөзінде: «Бір кездері өзіміз тәлім алған Қа­зақ ұлттық өнер академиясы ғи­маратына ке­ліп, осындай құтты күні тосын сыйға ие болып тұр­мын. Бұл менің ұзақ жылғы еңбе­гіме жасалған қошемет деп ой­лаймын. Қазір ғана жаңадан ашы­лып жатқан «Айтыскер ақын» мамандығына оқуға түс­кісі келетін талапкерлерді тың­дап жатырмыз. Ел іші – алтын қа­зына. Әрине, талантты балалар бар. Қазылар алқасы атынан осы жастардың арасынан қазақ өне­рінің туын көкке көтерер таланттардың шы­ғатынына кәміл сенеміз. Ел­ден келген балалар өнерін та­нытып жатыр. Ашық есік күнінде академия табалдырығын аттағысы келетін талапкерлердің барлығына табыс тілеймін. Біз­дің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда, жеңіске жете беріңіздер!», деп ағалық ықы­ласын білдірді. 


АЛМАТЫ