Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Қызылордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXIII конференциясы өтті

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен қалалық партия филиалының кезектен тыс XXIII конференциясы өтті. Жиынға арнайы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес қатысты.

Қызылордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXIII конференциясы өтті

Конференцияның күн тәртібіне екі мәселе ұсынылған болатын. Жиында партияның кезекті ХVIII съезінде Партия Төрағасының тікелей тапсырмасымен қабылданған "Халыққа көмек", "Құтты мекен", "Бақытты отбасы", "Ауыл ел бесігі" атты жобалардың нәтижелі жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқыланды.

Конференцияда, "Халыққа көмек" партиялық жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясындағы жұмыстарды «Ақжарма» ауылдық округінің әкімі, «Ақжарма» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жұмабек Әлиевтер баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясына делегаттар сайланды.


Қызылорда облысы