28 Тамыз, 2012

Ел бірлігінің кепілі

418 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел бірлігінің кепілі

Сейсенбі, 28 тамыз 2012 7:28

1995 жылдың 30 тамызында жалпы халықтық референдум арқылықолдау тауыпөз мәртебесіне ие болған Конституциямызқазіргі таңдабаршамыздың бостандығымыз бен құқығымыздың мызғымасберіктігіне айналдыҚазақ тарихында өз дәуіріне сайелдің бірлігімен татулығын сақтау мақсатында заңдар қабылданғаны баршаға аян.Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысы» заңы секілдіЕсім ханның «Ескі жолы»,Қасым ханның «Қасқа жолы» барлық уақытта да қазақ елі тарихыныңтөрінен орын алатыны сөзсіз.

 

Сейсенбі, 28 тамыз 2012 7:28

1995 жылдың 30 тамызында жалпы халықтық референдум арқылықолдау тауыпөз мәртебесіне ие болған Конституциямызқазіргі таңдабаршамыздың бостандығымыз бен құқығымыздың мызғымасберіктігіне айналдыҚазақ тарихында өз дәуіріне сайелдің бірлігімен татулығын сақтау мақсатында заңдар қабылданғаны баршаға аян.Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысы» заңы секілдіЕсім ханның «Ескі жолы»,Қасым ханның «Қасқа жолы» барлық уақытта да қазақ елі тарихыныңтөрінен орын алатыны сөзсіз.

Қай уақытты алып қарасақ та, халқымыз заңды жоғары бағалап, мойынсұнған. Онда көрсетілген барлық талап, ережелерді өз қал­пында орындай отырып, ұр­­­па­ғына тәртіпті сіңіре білген. Со­ның дәлелі «Ұрлық түбі – қор­лық», «Тек жүрсең, тоқ жүресің» деген аталы сөздеріміз, ешкімнің мүлкін ұрламау, бұзақылық жасамау туралы тәлім-тәрбие.

Әр кезде де халықтың игілігі үшін қызмет атқаратын заңда­ры­мыз, әуелі адамзаттың бостан­ды­ғы мен құқығын қорғауға негіз­делген. Қандай да заңды алып көз жүгіртсеңіз, ең бірінші аза­маттардың бостанды­ғын жоғары орынға қоя отырып, құқықта­ры­ның қорғалуын көз­дейді. Осы­ның бірден-бір айғағы Ата За­ңымыздың тоғыз тарауы­ның бір тарауы адам және аза­маттардың бостандығы мен құ­қығына ар­нал­ған. Ата Заңымызға енген 98-баптың, 29-бабы Қазақ­стан хал­қы­ның құқығы мен бостан­ды­ғын қорғауға арналған­дығы еліміздің демократиялық мемлекет екен­дігін айқындайды. Онда биліктің қайнар көзі – халық деп тайға таңба басқандай халықтың құқы­ғының басты рөл атқаратындығы көрсетілген.

Елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің бір ата­ның баласындай ауыз бірлікте, татулықта, теңдікте ғұмыр кешуіне еліміздің Конституциясы кепілдік береді. Нәсіліне, ұлтына, ұлысына, сенім-нанымына қара­мас­тан барлығына тең қарайтын қа­зақ елінің Ата Заңы әрқашанда өз биігінде көрінетіні сөзсіз.

Конституциямыздың 12-ба­бы­ның, 2-және 5-тармағында: «Адам құқықтары мен бостан­дықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осы­ған қарай анықталады. Адамның және аза­мат­тың өз құқықтары мен бос­тан­дықтарын жүзеге асыруы бас­қа адамдардың құқық­та­ры мен бостандықтарын бұзбау­ға, конс­ти­туциялық құрылыс пен қоғам­дық имандылыққа нұқсан келтiр­меуге тиiс» делінген. Қа­зақстан­ның әрбір азаматы тумысынан бостандық пен құқыққа ие болып өмірге келетіндігі, осы құқығы мен бостандығынан еш­кім де айы­ра алмайтындығы жә­не заң­мен қорғалатындығы көр­сетілсе, ал 17-бабында: «Адам­ның қадiр-қасиетiне қол сұ­ғылмайды. Ешкiмдi азаптауға, оған зор­лық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қа­дiр-қасиетiн қорлай­тындай жәбiр көрсетуге не жа­залауға болмайды» деп нақты­лаған.

Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өмір сүріп жатқан азамат­тардың құқықтарының қорға­луына мемлекет әрдайым кепіл­дік жасайды. Халқымызға осындай қамқорлық жасап отырған Ата Заңымызды құрметтеу және оған бой ұсыну елдің әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы деп білуіміз қажет.

Ақбұлан ӘЛЖАНОВ,

Қорғалжын аудандық

прокуратурасының қызметкері.

Ақмола облысы.