30 Тамыз, 2012

Айбары асқақ Ата Заң

1755 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Айбары асқақ Ата Заң

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:40

Кез келген мемлекеттің қа­лып­тасуында Конституция қайта бағам­далуы мүмкін емес ай­рықша маңызға ие. Нақ осы Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлем­дегі көптеген елдердің конс­титуцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын таби­ғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

 

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:40

Кез келген мемлекеттің қа­лып­тасуында Конституция қайта бағам­далуы мүмкін емес ай­рықша маңызға ие. Нақ осы Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлем­дегі көптеген елдердің конс­титуцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын таби­ғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

Әрбір мемлекет өзінің даму барысында өз халқының тарихына, салт-дәстүріне, саяси мәде­ниетінің дең­гейіне және ең бастысы, мен­тали­тетіне не­ғұрлым толық сәйкес келетін саяси жүйе мен Консти­туцияның үлгісін таң­дайды. Конституция жайлы бейнелеп былай деуге болады: бұл – белгілі бір халықтың жоғарыда айтылған ерек­шеліктеріне кигі­зілетін киім, егер де бұл киім халықтың мен­талитетіне сәйкес келсе (яғни, «дәл шақ» болса) – онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе – онда халық тұтас­тай күрделі мәсе­лелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті, кейде қайғылы күйге душар болады. Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қа­былдау және оны елдің ең басты құ­жаты ре­тінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.

Заңдық мағынасында Конституция – бұл құрылтайшылық сипат­тағы құжат. Өзінің шығу тегі бойынша Конституция бур­жуа­зия­ның билікке келуі, дәлірек айтқанда – оның саяси аренаға шы­ғуы­на, феодализммен күресу кезеңіне қа­рыз­дар. Басқа елдерге қарағанда бур­жуазиялық қалып­тасуы ертерек бас­талған Англияда Конституция­лық сипат­­­қа ие құжаттар қабыл­данды, мәселен, 1653 жылғы Бас­қару құралы, 1679 жылғы Халық­тың бостан­дығын сәтті қамтамасыз ету мен теңіздерге бақылау жасау туралы акт, т.б. Алайда, қазіргі ұғымдағы алғаш рет жазылған Конституция АҚШ-та 1787 жылы және Франция мен Польшада 1791 жылы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы философиясының (кон­цеп­туал­дық) тамыры тереңде жатыр. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы біздің мем­ле­кетіміз­дің негізін қалаушы әрі оның Тұңғыш Президенті Н.­Ә.Назар­баевтың саяси философиясына негізделген. ҚР Конституциясы концептуалдық, жекелей алғанда институттық және қызмет етуі жөнінен Француз Респуб­лика­сының V Конституциясына бағ­дар­ла­нып әзірленген. 1958 жыл­­дың 28 қыр­күйегінде V Фран­­ция Республикасының Конституциясы жалпыхалықтық референдум бойынша қабылданды. Бұған сайлаушылардың 79 %-ы дауыс берді. Алдымен, парламенттік билікке негіз­делген 1946 жылғы Конституцияға қа­рағанда, Фран­цияның жаңа Конституция­сы пре­зиденттің өкілеттігімен бірге мемлекеттік биліктің негізгі орган­да­рының құзыретіне мән берді. Содан бері президентке мемлекеттегі жетекші рөл берілді. Францияның президенті Конс­ти­­­ту­­цияның сақтаушысы, ұлт тәуел­сіз­дігінің, елдің аумақтық тұтас­тығының кепілі. Сонымен қатар, ол билік тар­мақтарының қалыпты қызмет етуін жә­не мемлекеттік саясаттың сабақтасуын қамтама­сыз етеді. Ол мемлекеттік ор­ган­дардың заң аясында қалыпты қызмет етуіне кепілдік беруі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Тұжырымдамасының негізінде Еуразиялық идея жатыр. Бұл Қазан төңкерісінен кейін еу­разиялық теория өкілдері Н.­С.Тру­­бецкой, П.Н.Савицкий, Г.­В.Флоровский ұсынған Еуропа елд­е­рінің «отмежевания» үдерісі орын ал­ған­да Еуразия халық­тарымен дәс­түрлі әр түрлі байланыстар ор­нығады деп келетін тұжырым емес.

Еуразия кеңістігінде өмір сү­ретін ха­лықтардың өзіндік тарихи ерекше­лік­тері бар. Сондай-ақ, ға­сырлар бойы орныққан төл мен­талитеттері болуы да заң­ды­лық. Өткен дәуірлердегі Қазақ хан­дығында әрқашанда Хан (Қа­ған) өте ықпалды рулар мен тайпалар басшыларынан, билер мен руханият өкілдерінен құралған өте бе­делді Кеңеске (Құрыл­тай) сүйен­ген. Бүгінгі біздің Конституциямыз өзіне Азияға тән жеке-дара­лық, яғни күшті президенттік би­лік (бұл Конституцияның баптарында көрініс тапқан) пен еуро­палық дәстүрге негіз­делген Пар­ламенттің болуына негіздел­ген. Дәл осы еуропалық және азиялық дәстүрлердің симбиозы, яғни Н.­Ә.На­зар­­­­баевтың еуразия­лық саяси философиясы 1995 жыл­ғы Конституцияның негізі болып саналады, сондай-ақ уа­қыт­­тың сы­нақтарына шыдас берген заманауи мемлекеттік құры­лыстың қа­лып­тасуына алып кел­ді. Міне, осы философия Қазақ­стан халқының еура­зиялық мен­та­литетіне толы­ғы­­мен сәйкес келеді.

Дей тұрғанмен, Конституция қабыл­данған 1995 жылы біздің мемлеке­тіміздің дамуында күр­делі кезең басталды. Сол тұста Қазақстан Президенті қысқа мерзім ішінде бір өзі нарықтық экономиканы қалыптастырудың мықты іргетасына, мемлекетіміз­дің одан әрі дамуына серпін берген саяси жүйенің тірегіне айналған 147 заң қабылдады.

Елде қалыптасқан өте күрделі ахуал құқықтық саладағы серпі­лістің қажеттілігін туындатты. КСРО мен Қазақ КСР-нің ескі заңдары жұмыс істемеді, өйткені, ол мемлекеттер, осы заңдар ба­ғыт­талып жасалған сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси жүйе болған жоқ. Жаңа заңдар да болған жоқ, себебі, оларды қабылдауға Парламент үлгер­меді. Мемлекетіміздің басындағы ты­ғырыққа тірелген осы кезеңде Н.Ә.Назарбаев ел алдындағы, халық алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы және тарих алдындағы дербес жауап­кершілігін сезіне отырып, жоға­рыда аталған 147 заңды қабыл­дауға тәуекел етті. Нақ осы заң­дар біздің Ота­нымыздың аяқтан тұруына ықпал етіп, тұрақты эко­номикалық өсім деңгейіне әкел­ді. Заңдардың іске асуының ал­ғашқы нәтижелері 1995 жылдың соңына таман-ақ көрініс бере бастады. Бір жарым онжылдықты артқа тастаған бүгінгі уақыт көзімен қарар болсақ, Қазақстан Респуб­ликасындағы қазіргі заңнамалық актілерінің басым бөлігі 1995 жылдың наурызы мен қарашасы аралығында қабылданған заңды күші бар заңдар мен жарлық­тардың қағидаттарына негіз­деледі.

Осылайша, қысқа мерзім ішінде Н.Ә.Назарбаев қол қойған, респуб­ли­кадағы қоғамдық қаты­настың түгелге жуығын қамти­тын 147 заң еліміз бен оның тұр­ғындарының ең басты заңы – Қа­зақстан Республикасы Конституциясын қабылдауға қуатты база болды. 1995 жылдың 30 тамызында еліміздің жаңа негізгі За­ңын қабылдау сол ке­зеңдегі Мемлекет басшысының белсен­ді заң шығару қызметінің өзіндік қо­рытындысы болды. Конституция­ның жобасын әзірлеуге, талқы­лауға және түсіндіруге қазақ­стан­дық қоғамның көптеген бөлігі – ғалымдар, саясаткерлер, шығар­ма­­шылық зиялы қауым, кәсіп­кер­лер мен мемлекеттік қызмет­шілер, жұмыскерлер мен ауылдық елді мекен тұрғындары, студент жастар тартылды. Алдыңғы қа­тарлы халықаралық тәжірибені ескеру үшін Конституцияны тал­қылау жұмысына шетелдік сарапшылар да қатысты.

Осы кезеңдегі Президенттің заң шығару қызметі Қазақстан­ның одан ар­ғы мемлекеттік құры­лысының негізі болды. Елба­сы­ның заң қабылдау ше­берлігі Қазақстан Республикасы саяси жүйесін жаңғыртудың нор­­мативтік-құқықтық базасына айналды. Шын мәнінде, мемле­кетіміздің заңнамалық базасы жоқтан бар жасауымен ерекше­ленеді, бұл өз кезегінде, ел эконо­микасының түбегейлі өзгеріс­терге ұшы­рауына және азамат­тардың әл-ауқатының артуына ықпал етті. 1995 жылғы кезеңдегі заңдар қазақстандық қоғамның экономикалық, саяси, қар­жылық және әлеуметтік салаларына қуат­ты серпін беріп, еліміздің демо­кратиялық дамуын ынталандыра түс­кенін баса айтқан абзал.

Камал БҰРХАНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі,

саяси ғылымдар докторы, профессор.