31 Тамыз, 2012

Жауапкершілік жүктейтін жұмыс

437 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Жауапкершілік жүктейтін жұмыс

Жұма, 31 тамыз 2012 7:40

Ел тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтыған реформалар жүргізіліп, болашақтың іргесін бекемдейтін қадамдар одан әрі жалғасын табуда. Ұлық мұраттағы мемлекеттігімізді, қолданыстағы құқықтық құндылықтарымызды нығайту, қоғам мен оның мүшелерінің толыққанды дамуын қамтамасыз ететін ашық та тиімді тетіктерді жетілдіру, тұрғын­дар­дың өмір сүру деңгейін көтеру айрықша назарда ұсталуда. Сот жүйесіндегі сан тарап өзгерістер де көз ал­ды­мызда. Ол конституциялық міндеттемелер деңгейінен шығып отыр ма? Қалыптасқан құқықтық негіздің қарым-қуаты өмір мәнін нәрлендіретін қайнарлардан арна тарта алды ма?

 

Жұма, 31 тамыз 2012 7:40

Ел тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтыған реформалар жүргізіліп, болашақтың іргесін бекемдейтін қадамдар одан әрі жалғасын табуда. Ұлық мұраттағы мемлекеттігімізді, қолданыстағы құқықтық құндылықтарымызды нығайту, қоғам мен оның мүшелерінің толыққанды дамуын қамтамасыз ететін ашық та тиімді тетіктерді жетілдіру, тұрғын­дар­дың өмір сүру деңгейін көтеру айрықша назарда ұсталуда. Сот жүйесіндегі сан тарап өзгерістер де көз ал­ды­мызда. Ол конституциялық міндеттемелер деңгейінен шығып отыр ма? Қалыптасқан құқықтық негіздің қарым-қуаты өмір мәнін нәрлендіретін қайнарлардан арна тарта алды ма?

Біз Ақмола облыстық сотының төрағасы Ақжан ЕШТАЙДЫ осындай сұрақтар төңірегінде пікір алмасуға шақырған едік.

– Дербес те тәуелсіз Қазақстан Рес­пуб­ликасының тарихында тұңғышрет құ­қық­тық реформа бағдарламасы түзі­ліп, Мемлекет басшысыныңЖарлы­ғы­мен 1994 жылы бекітілді. Оның басты қоры­тын­ды­сы 1995 жылғы 30 тамызда рес­пуб­ли­ка­лық референдумда қабыл­дан­ған Консти­­туция болды. Ата Заң мем­лекет тара­пынан кепілдік берілетін адам­дар­дың құқығы мен бостандығына негіз­дел­ген қоғам­дық құндылықтар жүйесін қа­лып­тастырды. Қолданыстағы құқық­тық база мемлекеттік даму үрдісіне қан­ша­лық­ты әсер етуде?

– Қоғам мүшелерінің бейбіт те бақуатты өмірін қамтамасыз ету – конституциялық талап. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы – адам. 1993 жылы қабылданған тұңғыш Конституциямыз алғаш рет мем­лекеттің емес, адам құқығының басым­дық­тарын бекітіп, жеке меншік құқықтары мойындалды. Конституцияның соңғы бөлімі аза­маттардың құқықтары мен бостандығына сот кепілдігі берілетініне арналды. Әйткен­мен, мемлекеттік даму үрдісіндегі қызмет үнемі қозғалыста болуға тиіс. Қазақстанның мемлекеттік мүддесінің ауқымы кеңи түсті. Уақыт ел дербестігі мен халықаралық ау­қым­дағы ықпалды күшейту арқылы демо­кра­тиялық реформаларды орнықтыруды мін­­деттеді. Міне, осы жайлар 1995 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануына жол ашты. Оны қалыптастыру барысында халық­ара­лық конституциялық-құқықтық тәжірибе ек­шеліп, дамыған демократиялық мемлекеттер конституциясының құқықтық нормалары тал­данды. 1998 жылдың 7 қазанында, 2007 жыл­дың 21 мамырында, 2011 жылдың 2 ақ­панында «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. Ал 2000 жылы Ата Заң не­гізінде «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң қолданысқа ен­гі­зілді. Сөйтіп, елімізде сот органдарының не­гіз­дері мен құрылымдарын, өкілеттігін рет­тейтін толыққанды нормативті-құқықтық ба­за қалыптасты.

– Қазақ мемлекеттігінің саяси тари­хын­дағы эволюциялық дамуға көз жү­гірт­сек, мемлекеттік мүдде мен сот жүйе­сінің өзара мызғымас байланысын бай­қай­мыз. Сонда, дәстүр сабақтастығы не­ні көздейді?

– Мақсат – елдік бірлік пен мемлекеттік тұтқаларды нығайту. Қазақ мемлекетінің ХV-XVIII ғасырлардағы ішкі саяси мүд­де­сінде әлеуметтік тұрақтылықты, қоғамдық жүйедегі дәстүр құндылықтарын сақтау жә­не халықты басқарудың әділ қағидаттарын қамтамасыз етуге ерекше маңыз берілді. Олар­дың негізгі міндеті кикілжің тараптарды өзара түсіністік пен келісім негізінде қоғ­амдық тұтастықты сақтау болды. Теріс билік құрып, жекенің жетегінде кету ауыр айып саналды. Көшпелі қазақ тұрмы­сын­дағы билер сотының беделі, қазы пікіріне құрмет, шешімнің ешқандай қысымсыз орын­далу мін­деттілігі бүгінгі күніміздің үлгісіне жарайды.

Қазақ хандығының Ресейге қосылуымен сот өндірісінің сан ғасырлық дәстүрлері бір­тіндеп бұзылды. Билер сотымен қатар жал­пыимпериялық сот билігі жүргізіліп, шынтуайтында, соңғысының өкілеттігі басым­дық алды. Сот жүйесі толық саясиланды­рыл­ды. Оның салдарлары мен зардаптарын жұртшылық жақсы біледі. Бұл да сабақ.

Қай заманда да мемлекеттік мүдденің биіктігі, заңдық негіздердің қуаттылығы қо­ғ­амды тоқыраудан қорғап, үдемелі қоз­ға­лысқа түсіреді. Тәуелсіздік жылдары Рес­пуб­лика Президенті институты күшті бағыт­таушы және үйлестіруші орталыққа айналды. Конституция талаптары мен Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық даму арналарындағы қос палаталы Парламент, республика Үкіметі, өкілетті және атқа­ру­шы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жемісті жұмыс істеп келеді. Қоғам мен азаматтардың билік істеріне қатысуы, саяси партиялардың белсенділігі артуы, үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырыс ар­қылы қаржыландырылуы нәтижесінде мем­ле­кеттік істерге араласуының құқықтық не­гіз­дері қалыптасуы азаматтық қоғамның абы­ройын асыруда. Қоғамдық құрылыстың жиырма жылдық тарихы, қиын да қуа­ныш­ты жеңісті жол, ағымдағы және болашаққа бағытталған толымды жоспар-жобаларға сүй­е­ніп, тәуелсіз Қазақстан дамуы әлемдік прак­тикадағы демократиялық принциптерге сай келеді деген қорытынды жасай аламыз.

– Қазылық қажырлы еңбекті талап етеді. Өйткені, ол конституциялық ұста­ным­дарымыздың ту көтерушісі десек, ар­тық кеткендік болмас. Сөйте тұра, қазақ­стандық сот жүйесінің құрылымын жетіл­діру туралы жаңа пікір-пайымдар бар­шы­лық. Сіз бұл тұрғыда қандай ой қосар едіңіз?

– Қоғамдық құрылыс уақыттың ырға­ғын­да дамиды. Сот жүйесінің ұстанымы да осында. Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесін реформалауға бағытталған елеулі шаралар қабылданды. Елбасының республика судья­ларының V съезіндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Қазақстан Респуб­лика­сы­ның сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңға және «Қазақ­стан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Сот төрелігіне сенімділік деңгейін жоға­ры­лату және қолжетімділікті қамтамасыз ету, істерді апелляциялық, кассациялық және қа­да­ғалау тәртібінде қарау мәселелерін жетіл­діру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң күшіне енді.

Соттарды әрі қарай мамандандыру жұм­ыс­тары жалғасуда. Биылғы 1 шілдеден бас­тап Ақмола облысында жасөспірімдер істе­рі бойынша мамандандырылған сот мін­де­тіне кірісті. Мұндай қадам 2007 жылы Алма­ты және Астана қалаларында тәжірибе ре­т­інде жасалған болатын.

– Қандай да болмасын шешімнің бұ­зы­луы мен өзгертілуі қоғамдық жаң­ғы­рық туғызуға, әртүрлі сатыларға шағым­дардың жазылуына себепші болып жатады. Бұған қалай қарайсыз?

– Әрине, сотта қызмет атқару мәртебелі болуымен қатар, аса үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің қызметіміздің басты көр­сеткіші – шешімдердің заңдылығы, негіз­ділігі. Жылдан-жылға істерді қарау сапасы жақсарып келеді. Оған дәлел шешімдердің тұрақтылығы.

1 шілдеден бастап апелляциялық алқада бірінші сатыдағы соттардың шығарған ше­ш­ім­дерін бұзып, қайта сот қарауына жолдау деген жоқ. Апелляциялық алқасы егер сот шешімін заңсыз деп тапса, оны бұзып, түп­кілікті қарап, шешім шығаруға міндетті. Сот актілеріне шағым беру тәртібі нақты реттелген, сот актілерінің заңды күшіне ену мер­зімдері қысқартылған. Ал, апелляциялық сатыдағы сот актілері жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап алты ай ішінде кассациялық шағым беруге болады. Жоғарғы Сотқа жүгінбес бұрын кас­са­циялық сатыға арыздану міндетті шарт болып табылады. Заңды күшіне енген, бірақ кас­сациялық тәртіпте қаралмаған сот акті­лері қадағалау тәртібімен тексерілуге жатпайды. Конституциялық кеңістікте өмір сүр­іп жатқан қоғам мұны қатаң ұстануға мін­детті.

Әңгімелескен

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».