19 Қыркүйек, 2012

Құқықтық негіз қаланды

424 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Құқықтық негіз қаланды

Сәрсенбі, 19 қыркүйек 2012 7:11

Президент Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы ел Конституциясына жеті жыл толу мерекесіне орай сөйлеген сөзінде Омбудсмен институтын енгізу қажет екенін атап өтті. Бұдан ке­йін көп ұзамай, яғни 19 қыркүйекте Президент Жар­лығымен Адам құқықтары жөнін­­дегі уәкіл лауазымы құрылды. Осылайша, бұл жетістік Елбасының бастамасымен және саяси ерік-жігер білдіруінің арқасында жүзе­ге асты.

 

Сәрсенбі, 19 қыркүйек 2012 7:11

Президент Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы ел Конституциясына жеті жыл толу мерекесіне орай сөйлеген сөзінде Омбудсмен институтын енгізу қажет екенін атап өтті. Бұдан ке­йін көп ұзамай, яғни 19 қыркүйекте Президент Жар­лығымен Адам құқықтары жөнін­­дегі уәкіл лауазымы құрылды. Осылайша, бұл жетістік Елбасының бастамасымен және саяси ерік-жігер білдіруінің арқасында жүзе­ге асты.

Міне, бүгінде бұл құқық қорғау институты өзінің өткерген онжылдық қызметі кезеңінде мемлекеттің құқықтық жүйесіне медиаторлық міндеттерді еркін атқаратын мемлекеттік орган ретінде кірді.

Осы институттың құрылуын Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін одан әрі дамыту мен жетілдірудің, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында және басқа да бағ­дарламалық құжаттарда алға қоятын мін­деттерді іске асыру аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтта­ры­ның сындарлы өзара іс-қимылын нығайтуд­ың маңызды факторы ретінде қарастырған жөн.

Уәкіл мекемесі жұмыс істей бастаған кезден бері оның атына 15 мыңнан астам шағым түсті. Олардың бестен бірі шағымда­ну­шы­ның пайдасына шешілді. Өткен кезеңде Омбудсменге барлығы 34 837 адам өтініш жолдады.

Хаттардың мазмұны көбіне сот шешім­де­рімен, сондай-ақ мемлекеттік органдар­дың әрекеттері мен әрекетсіздігіне келіс­пеу­шілік білдіреді. Одан басқа өтініш иелері тұрғын үй, еңбек, әлеуметтік, балалар құ­қы­ғы, білім алу, денсаулық сақтау мәселелерін көтереді.

Омбудсмен жұмысында мемлекеттік ор­гандарға жіберілетін ұсыныстар айтарлық­тай пәрменді тетік болып табылады. Аталып отырған кезеңде 114 ұсыныс пен 6 436 сұ­ратулар жіберілді.

Барлық мемлекеттік органдар бұзылған құқықты анықтау, сөйтіп тиісті лауазымды адамдарға шара қолдану туралы ұсыныс­тар­ды қарау нәтижелері туралы Уәкіл меке­ме­сіне міндетті түрде ақпарат береді.

Омбудсмен жыл сайын Президенттің қа­рауына өз қызметі туралы есепті ұсынады. Бұл елімізде адам құқықтары мен бос­тан­дықтарының сақталуын бақылау құрал­дарының бірі болса, екіншіден, Мемлекет басшысын осы саладағы ахуал туралы ақпа­раттандыру болып табылады.

Уәкіл жұмыс істеген жылдар кезеңінде балалардың, мүгедектердің, қарттардың, бос­­қындар мен оралмандардың, алдын ала қа­мау және бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша арнайы баяндамалар әзірледі.

Омбудсмен адам құқықтары саласын­да­ғы заңнаманы жетілдіруге, оны Конституция және халықаралық нормалар мен стан­дарт­тарға сәйкестендіруге көмектесуде айта­р­лық­тай атсалысты. Уәкілдің Президент жа­нын­дағы еліміздегі құқықтық жүйені да­мытудың стратегиялық бағыттарын айқын­дайтын кон­сультативтік-кеңестік органдарға мүше болуы, оған осы аса маңызды үдеріске қаты­суға және құқықтық қорғау қауымдас­ты­ғы­ның пікірін білдіруге мүмкіндік береді.

Уәкіл мекемесі өз қызметінде монито­рингтік жұмысты белсенді жүзеге асырады. Осы жылдары еліміздің әртүрлі аймақ­та­рында жүздеген нысандарға, оның ішінде, балалар, денсаулық сақтау, әлеуметтік, пени­тенциарлық мекемелерге, әскери бөлімдерге және т.б. барылды. Тек 2011 жылы осындай 70 нысанға жол түсті. Мониторинг талдауы және ол бойынша қорытын­ды­лар мүдделі мемлекеттік органдарға жібері­леді. Атап айтқанда, Үкіметтің бастамасымен бірқатар бағдарламалық құжаттар қа­был­данып және кейіннен олар іске асырылды.

Омбудсмен қызметінде адам құқықтары саласындағы ағарту жұмысы маңызды болып табылады. Омбудсменге шағым беру тәртібі туралы ақпараттық материалдар ұда­йы басылып шығады. Өзіндік интернет-ресурс тұрақ­ты түрде жаңартылып тұрады, онда ағымды қызмет, сондай-ақ шағым беру мүмкіндігі туралы ақпарат орналасты­рыл­ған. Күн сайын интернет-ресурсқа 500 пайдаланушы кіреді.

Уәкіл мекемесінің қызметкерлері мемле­кеттік органдарда, ведомстволарда, оқу орын­­­дарында дәріс оқиды, еліміздің қо­ғам­дық өміріне белсене қатысады. 2011 жылы Уәкіл және оның мекемесінің қызметкерлері 104 қоғамдық шараларға қатысты.

Конституциялық Кеңеспен бірлесіп Конституция күніне арнап жыл сайын өткі­зі­летін конференциялар (Тамыз оқулары) Омбудсмен қызметінде дәстүрге айналды, Уәкіл, сонымен қатар, әртүрлі конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді, олардың аясында ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен құқық қор­ғау тақырыбында пікіралмасулар мен пікір­са­йыс­тар жүзеге асырылады.

Уәкіл мемлекеттік органдармен, ұлттық және халықаралық құқық қорғау ұйым­­дарымен өзара іс-қимылды нығайтуға аса назар аударады. Омбудсменнің мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы олардың ұлт­тық заңнамаға және халықаралық үлгі-қа­лып­­тар­ға сай мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысын жетілдіруге бағыттал­ған, бұл көбінесе адам құқықтарын бұзудың алдын алуға ықпал етеді.

Уәкіл республикада адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылдың түрлері мен әдістерін жетілдіру мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасымен, Бас Прокурормен, Ішкі істер және Әділет ми­нистрлерімен меморандумдарға қол қойды.

Омбудсмен азаматтық қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Уәкіл мекемесі рес­публикада өткізілген бес азаматтық форум­ның жұмысына өз үлесін қосты.

Омбудсмен жанында ҮЕҰ және ғылыми топ өкілдерінен тұратын сараптамалық ке­ңес жұмыс істейді, олар консультативтік кө­мек көрсетеді. Бұл өзара іс-қимыл адам құ­қық­тарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету саласында келісілген шешімдер қабыл­дау­да айтарлықтай оң рөл атқарады.

Омбудсмен үшін ҮЕҰ – азаматтардың шағымдарын қарауда, аймақтарда адам құ­қықтарын сақтау мониторингін жүзеге асыру кезінде адам құқықтарын бұзу дерегі туралы маңызды қайнар көз. ҮЕҰ, өз кезе­гінде, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жү­гіне келе, ұсыныстарын мемлекеттік би­лік­тің жо­ғары деңгейіне жеткізуге, атқару­шы орган­дардың әрекеттеріне азаматтық ба­қылау жасау мүмкіндігін кеңейтуге қосым­ша мүм­кін­дік­ке ие болады.

Уәкіл жанында 2008 жылдан бастап жұмыс істейтін Азаптауларға және жазалау­дың басқа да қатыгез түрлерін қолдану фак­тілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жоға­рыда айтылғандардың мысалы болып табылады, оның құрамына мемлекеттік органдар­дың жоғары деңгейдегі, сондай-ақ халық­ара­лық және ұлттық құқық қорғау ұйымдары­ның өкілдері кіреді.

Уәкіл мекемесінің алдыңғы қатардағы халықаралық ұйымдармен, бәрінен бұрын, БҰҰ, Еуропалық Одақ құрылымдарымен, шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау инс­титуттарымен өзара тығыз іс-қимылы жол­ға қойылған. Сондай-ақ, БҰҰ Адам құқық­та­ры жөніндегі Жоғарғы комиссар басқарма­сы­­мен, БҰҰДБ, Дания Адам құқықтары жөнін­­дегі институтымен, Норвегия, Финляндия және басқа да шетелдік құқық қорғау ұйым­дарымен бірлескен жобаларды іске асыруда.

Аймақтық Азия ұйымдары аясында ын­ты­мақтастыққа ықпал етудің де маңызы бар, онда адами өлшемдердің гуманитарлық мә­се­лелері соңғы кезде басым сипатқа ие болып отыр. Мысалы, 2011 жылы Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымына төрағалық еткен еліміз ИЫҰ аясында Адам құқықтары жөніндегі тұ­рақты тәуелсіз комиссияны құруға ықпал етті.

Омбудсмен институтының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы, біріншіден, халықаралық қауымдастықты Қазақстанда адам құқықтарын қорғау ахуалы туралы хабардар етуге, екіншіден, шет мемлекеттердің халықаралық құжаттарды ұлттық заңнамаға енгізу мәселелеріндегі тәжірибесін зерттеуге және пайдалануға, ұлттық құқық қорғау институтының қызметін жетілдіруге ықпал ететінін атап өткен жөн.

Халықаралық деңгейдегі бірлескен іс-шаралар санының өсуі Қазақстандағы Уәкіл институтына сенімнің артуын көрсетеді. Тек 2011 жылы Омбудсмен және оның мекеме­сінің қызметкерлері халықаралық деңгейдегі 52 іс-шараға қатысты.

Омбудсмен жүргізген дайындық жұмыс­тың мазмұнды және ұйымдық бөлігі Қазақ­станның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Азаматтық және саяси құқық­тар туралы халықаралық пактіні орындау барысы туралы баяндамасын ойдағыдай қор­ғау­ға, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі ке­ңес­те жалпы мерзімді шолу рәсімінің өтуіне, БҰҰ азаптауларға қарсы арнайы баяндамашысы М.Новактың Қазақстанға инспектор­лық сапарының қорытындысы бойынша есебін қарауға, сондай-ақ БҰҰ арнайы баяндаушылары: азшылықтар мәселелері бойынша Г.Мак Дугалдың, жеткілікті баспана бойынша Р.Рольниктің, білім алу құқығы бойынша К.Сингхтің, жоғары деңгейдегі бір­қатар шетелдік делегациялардың ойдағыдай іс-сапарына ықпал етті.

Уәкіл мекемесі БҰҰ Адам құқықтары жө­ніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы жа­­нындағы Құқық қорғау мекемелерінің ха­лық­аралық үйлестіру комитетінде аккредиттеуден өтіп, «В» мәртебесін алды, оған қа­зір­гі уақытта Австрия, Бельгия, Нидерланды сияқ­ты елдердің құқық қорғау мекемелері ие.

Қазақстандағы Омбудсмен институты жұ­мыс істеген уақытында мемлекеттік тетік­тің ажырамас бөлігіне айналды, оны ресми органдар, сонымен қатар азаматтық қоғам да мойындайды. Бұл, сонымен қатар, өз қыз­ме­ті кезеңінде оған жүктелген міндетті дәйек­ті, жүйелі түрде және дұрыс орындағаны арқасында мүмкін болды.

Ол жылдар бойы биліктің барлық салада неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне ықпал етті, еліміздің құқық қорғау институттары арасында делдалдық және үйлестіру қызме­тін жүзеге асырды, адам құқықтары сала­сын­дағы халықаралық форумдарда Қазақстанға өкілдік етті.

Уәкіл мекемесі Қазақстан халқының құ­қық­тық санасы деңгейін арттыруға белгілі бір үлесін тигізіп отыр. Азаматтардың көп­ші­лігі ұлттық құқық қорғау мекемесін құқықтық қорғаудың қосымша пәрменді тетігі ретінде таниды.

Асқар ШӘКІРОВ,

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.