10 Наурыз, 2010

“ЖОЛ КАРТАСЫ” ЖӘНЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

790 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының сын­дар­лы саясатының нәтижесінде ел экономикасының дамуына ық­пал ететін маңызды бағдар­ла­малар кезең-кезеңімен өмірге жолдама алып отыр. Осылайша қазақстандықтардың қөңілінен шыққан, әрі әлеуметтік жағынан қорғалуын көздеген “Жол кар­тасы” бағдарламасының орны ерек­ше деуге толық негіз бар. “Жол картасының” бас­та­луы­на дейін жалпы жұмыссыздық дең­гейі облыста 6,8 пайызды құ­раса, байыпты жұмыс нәтиже­сін­де өткен жылдың аяғында едәуір төмендеді. Облыста инвестиция­лық жобаларды жүзеге асыру үшін 19597 жұмыс орнын құруға 12,7 млрд. теңге көлемінде қар­жы бөлінсе, әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар практикасы бағдарламаларын ке­ңей­туге республикалық бюджет­тен – 728 млн. теңге, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға 1,1 млрд. теңгеден астам қаржы қа­растырылып, көптеген жұмыс­тар­дың тиянағы келтірілді. Мә­се­лен, шешімін күткен 303 жоба қамты­лып, оның 58-ін тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық нысанда­ры, 95-ін жол жөндеу жұмыстары, 87-сін әлеуметтік, 63-ін қалалар­дағы және ауылдар­дағы әлеумет­тік-мәдени орындар құрады. Осы аталған жұмыстарға 19847 жұмыс орны құрылып, ор­наластырыл­ғандардың 82 пайызы немесе 16276 адам жұмыспен қамту органдарының жолдамасы ар­қылы жіберілгенін атап айтқан жөн. Бағдарлама шеңберінде ТКШ-ны қайта жаңғырту жөнін­де 58 жобаны іске асыруға бағдарламаға бөлінген қаржының үштен бір бөлігі немесе 4,8 млрд. теңгесі жұмсалды. Нәтижесінде 67,1 шақырым сумен жабдықтау желілері, 23,9 шақырым кана­ли­за­циялық жүйелер, 8 канали­за­ция­лық насос стансалары, 19,9 ша­қырым жылу желілері жөн­де­ліп, жылу жүйесінің 4 нысаны қайта іске қосылды және 44,6 шақырым электр желілері, 17,2 газ жеткізу жүйесі қайта жаса­лып, сұйық газға арналған 47 топ­тық қойма қалпына келті­ріл­ді. Талдықорған қаласының 7 мыңнан астам тұрғыны орталық газға қосылу мүмкіндігін пай­да­ла­нып отыр. Бірнеше жылдан бері алғаш рет жылумен қамтамасыз ету же­лілерін жөндеу мен қайта қал­пы­на келтіруге 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, Қапшағай, Талдықорған, Іле, Қарасай аудан­дарындағы жылу қазан­дық­тары мен жылыту желілері жөн­делді. Жол жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд. теңгелік 95 жоба іске асырылып, 394,5 шақырым жолға орташа, 459,8 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыс­тары жүргізілді. “Жол картасын” іске асыру шеңберінде 53 білім беру, 27 ден­саулық сақтау, 4 мұражай, 2 спорт және 1 әлеуметтік нысан­ды жөндеу, қайта жөндеу және жылыту жұмыстары қатар жүр­гізіліп, жағдай жақсарды. “Жол картасындағы” басты бағыттардың бірі – кадрларды даярлау және қайта даярлау. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда кә­сіптік білім беру жүйесінің мүм­кіндігін барынша пайдалануға жол ашты. Оқуға жұмыссыз аза­мат­тармен қатар, қосымша кәсіп алу үшін толық емес режімде жұ­мыс­пен қамтылған азаматтар жіберіліп, 9704 адамды даярлау және қайта даярлау үшін рес­пуб­ли­калық бюджеттен 1,1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Кадрларды кәсіптік оқыту және қайта даярлау 32 оқу орнында 36 кәсіп пен мамандықтың түрі бой­ынша өткізілсе, шетелдік жұмыс күшін алмастыруды көз­дей­тін бірқатар күрделі маман­дық­тар бойынша кадрларды даярлау оқу орындарының жұ­мыс берушілер­мен келісім-шарт жасауы арқылы тікелей кәсіп­орындарда жүргізіл­генін айтуға болады. Облыста дағдарыстың алдын алу, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында облыс әкімінің 2009 жылғы “Қызметкерлерді жаппай жұмыстан босатудың алдын-алу мәселелерін қарау және еңбек рыногын тұрақтандыру шарала­рын қабылдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы” қаулысына сәй­кес “Жол картасының” жүзе­ге асырылуына тұрақты мони­то­ринг жүргізіліп, бақылау ор­натылды. Әлеуметтік жұмыс орын­да­рын құру бағдарламасы халық­тың нысаналы тобының ішінен лайықты жұмыс таба алмаған са­наттағы тұлғаларды жұмыспен қамтуға, ал, “Жастар практи­ка­сы” бағдарламасы жас түлек­тер­дің еңбек рыногында бағдар­ла­нуы­на және жарты жыл бойы 15000 теңге көлемінде жалақы алуына мүмкіндік берді. Осылай­ша әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 532 млн. теңге бөлініп, 5911 адамды, жастар практика­сын ұйымдастыруға 196 млн. теңге бөлініп, оқу орнының 2177 түлегін қамту жоспарланса, осы мақсатта 2168 кәсіпорын, ұйым­дармен келісім-шарт жасалды. Халықтың нысаналы тоб­ының ішінен 7673 адам әлеу­мет­тік жұмыс орындарымен қамта­масыз етіліп, “Жастар практи­ка­сы” бағдарламасы барлық аумақ­тарда кеңінен етек алып, бел­сен­ді дамуға ие болды. Оған жібе­рілгендердің саны 2922 адамға жетіп, бағдарлама нәтижесінде бүгінгі күні жас түлектер өздеріне лайықты жұмыс табуға толық мүмкіндік алды және 1016 жас маман тұрақты жұмысқа орна­ласқанын айтуға болады. Айта берсек, мұндай игілікті істер жеткілікті. Әрине, ағымдағы жылы да бұл жұмыстар одан әрі жалғасатыны анық. Бұл бағыт­та­ғы жұмыстарға жыл басынан жан-жақты дайындық өрістетіліп келеді. “Жол картасы” өңірдегі елді мекендердің дәулеті мен сәуле­тіне өзіндік қолтаңбасын қал­ды­румен қатар халықтың күнкөрі­сін жақсартып, өмірлерін өзгертті деуге толық негіз бар. Авторы: Күмісжан БАЙЖАНАлматы облысы.,