15 Маусым, 2012

Бақытты қарттық

652 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Бақытты қарттық

Жұма, 15 маусым 2012 6:47

Осы сіз бақытты ма екенсіз? Шау тартқан шағыңызда шау­жайыңыздан алатын тарпаң сұ­рақ әу бастан-ақ тұқыртып, тыпырлатпай тастайтынын сезіп отырсыз-ау! Күйгелектенесіз. Кү­пірлік етпеңізші. Сабаңызға тү­сіңіз­ші. Ақсақалдық ғұмы­рыңыз зая кетпеген шығар, бәлкім? Мына баянсыз өмірде бақыт үшін кірпік ілмей арпалысып тірлік кештіңіз емес пе? Енді кәрілік жеңіп, «базардан қайтып келе жат­қан» тұста өз-өзіңізге есеп бергіңіз келген екен… Мүмкін, бақытты қарт шығарсыз! Әлде сорыңыз қай­наған мұңлықсыз ба? Қандай өлшемге салып, дәл безбендер екенбіз? Жалпы, бақыт дегеніңіз қолмен ұстап, көзбен көретін нәрсе ме? Дәлдік ұғымы ма? Уысқа сиятын нақтылық па? Есті сағымдатқан елес пе?..

 

Жұма, 15 маусым 2012 6:47

Осы сіз бақытты ма екенсіз? Шау тартқан шағыңызда шау­жайыңыздан алатын тарпаң сұ­рақ әу бастан-ақ тұқыртып, тыпырлатпай тастайтынын сезіп отырсыз-ау! Күйгелектенесіз. Кү­пірлік етпеңізші. Сабаңызға тү­сіңіз­ші. Ақсақалдық ғұмы­рыңыз зая кетпеген шығар, бәлкім? Мына баянсыз өмірде бақыт үшін кірпік ілмей арпалысып тірлік кештіңіз емес пе? Енді кәрілік жеңіп, «базардан қайтып келе жат­қан» тұста өз-өзіңізге есеп бергіңіз келген екен… Мүмкін, бақытты қарт шығарсыз! Әлде сорыңыз қай­наған мұңлықсыз ба? Қандай өлшемге салып, дәл безбендер екенбіз? Жалпы, бақыт дегеніңіз қолмен ұстап, көзбен көретін нәрсе ме? Дәлдік ұғымы ма? Уысқа сиятын нақтылық па? Есті сағымдатқан елес пе?..

«Мен бақытты қартпын,– деп толғанып отыр астаналық ақса­қал Кәрім Әлмағамбетов. – Сек­сен­нің сеңгірінен асқан ша­ғымда осылайша түйін жасай аламын. Саналы ғұмырым ұс­таз­дықпен өтіпті. Шәкірттерім­нің шынайы көңілі мен еркелеп берген бір сәлемі мені әрдайым бақытты етіп жүр. Іштерінде елі­мізге бел­гілі академиктер бар. Демек, ең­бегімнің жемісі көрініп тұр емес пе? Ұстаз ба­қыты деген сол шы­ғар?! Торғай өңірінің, Арқа­лық аймағының рухани өркен­деуіне үлесімді қоса жүріп, Астанаға қоныс аударғанымда бақытты қарттық­ты шындап сезінгенімді аңғар­ған­даймын. Елорда төрінен шық­­қан күннің арайына малынып, таң самалымен желбіреген Тәуел­сіздік туын күнде көріп, шаттанамын. Бақыттымын! Егемен еліңнің тыныштығын, бірлі­гін, болашаққа деген сенімді қада­мын сезінуден артық қандай бақыт керек қарт адамға! Мұны мен бақытты қарттығыма балаймын! Отбасым аман, ұрпақта­рым өсіп жатыр. Той-домалақ­тың тө­рі­нен көрініп, ақ батамды бере­мін! Алаңсыз бата беру де бақыт­тылықтың белгісі дер едім!..»

Мәнді, мағыналы өткізген жас­тық шақ бақытты қарттық­тың тұма бастауы іспеттес екен­дігін көнекөздер айтып кетіпті. Абыройын жасынан сақтап, адал ісімен көркейіп, елдік мүдде жолында өзін ұмытып еңбек еткен талай ерлердің бүгінгі бақытты қарттық өмір туралы түйіні: «Жасыңда істі жақсы істесең – бақытты кейін, қартайғанда се­зі­несің», дегенге саяды. Сонда бақыт дегеніңіз ғұмыр бойы жиналатын алтын көмбе тәріздес екен-ау! «Осы, елім үшін нендей іс атқардым екен?» – деп ақ шашын сипап ойланғанда, өзін тұщындыратын бірер жауап таба алмаған пендені бақытты қария дей аламыз ба, тәйірі. Жоқ! Ба­қыт сүйсініп істеген ісіңде екен! Төккен тердің өтеуі! Жүрек қала­ған кәсібіңнің ұста­лық көрігі! Қан тамырының ба­қытты бүлкі­лі! «Мен өзімді бақытты қартпын дегенде, есіме әке-шешемнің күні бойғы жұ­мыс­тан қалжырап ке­ліп, самаурыннан қанып шай ішіп, мон­шақтаған маңдай терле­рін сүр­тіп әлек болатын кейпін елесте­те­мін. Сол аяулыларым­ның ізі­мен өзім шиырлап жүріп­пін ғой, бүгінге шекті», – деп өткеніне көз жүгірткен алматы­лық Аяған Бақайұлының сөзінен бақыт тамшылары жылыстайтындай…

«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»,  деген екен ақыл-ойдың кемең­гері Әл-Фараби. Мінез дегені­міз­дің моральдық әдеттердің жиынтығы екендігін ескерсек, әдепсіздікпен бақытты болудың өзі ақылға сыймайтын түсінік емес пе? Мінез-құлық – әркім­нің өзінің кейпін көрсететін айна! Осы тоқтамға жүгінсек, мі­незсіз ардың-күрдің­нен, бәтуа­сыз бен берекесізден, суайт пен сумақайдан, ұятсыз бен арсыздан, уәдешіл мен уазипасыздан, усойқыдан қандай бақыт­ты қарт­тықтың керегесі керіл­мек­ші? Миға кірмейді! Жанды сөз айтсақ ше… Біздің осы та­қырыпқа орайлас қойған сауа­лы­мызға темір жол бекеті басында­ғы атыраулық атамыз: «Мен ба­қыттымын, әрине. Себебі, жақсы мінезімді бүкіл өмірімнің сар­қылмас байлығы деп балаймын. Мінезі бірқа­лып­ты адамдардың өмірі де жайма-шуақ, бақытты болады!» – деген еді тастан түйін түйгендей етіп. Саралап, байып­та­ғанымызда «мен бақыттымын» дейтіндер­дің дені мінезге бай болып шығыпты… «Мінезі жақсы ен бақытқа кенелер», деп хал­қымыз бекер айтпаған ғой. Немесе «Керіс­кен­нің кесірі, Келген бақты кетірер», – деп мінез жайсызды­ғын бетке басуы да тегіннен-тегін емес қой. Сонда бақытты қарттықтың бір кепілі орнықты мінезден өрбиді екен-ау!

«Ұлың жаман болса – бақы­тың кетеді»,  деген халық мәте­лінің шыншылдығына тоқсанда­ғы кейуана кемсеңдеп, басын шайқай таңданыс білдіреді. Көз жасын бұлай береді. Көкірегін күйдірген қасіретін ашып айтпайды. Емеурінмен ғана сыз­дық­­тат­қандай… Көршілерінен сұ­рас­ты­рып білсек, үш ұлынан немере сүймей тұлдыр қалып­ты. Береке-бірлігі кеткен балалары өзара жауласып, кектеніп, біржола кетісіп тынған. «Бақыт­сыз балалар ата-анасын бақыт­ты қыла алмайды ғой!» – дегенде, қалтырауық кемпірдің суал­ған жағынан жас тарамдалып аққанын көрдік… Қасіретті қарт­тық, тұла бойды қариды. Өкі­ніш­ті бұл өміріне енді қайтіп бақыт-бағың қарасын көрсет­пей, зытып кеткендей… Әлгі зар жылаған қайғылы ананың: «Баласыз ана бақытты ма деп қаламын»,  деген қорғасындай зілмауыр, зілді құсасын ешкім ести көрмесінші…

Өмір шіркін, кереғарлығы­мен тұңғиық қой. Жетпістің бе­сеуін­дегі кейуана аурухана төсе­гінде таңылып жатса да, өңінен әлде­бір жылы нұрдың табы сезіледі. Тәтті сезімнің әлдиінде талмаурайтындай ма? «Ауруханада ба­қыт­ты болып жатырмын!» – дейді әлсіз үнмен. Он балалы әжесін шөбересі қиын жағдайда қисынын тауып, емде­тіп жатыр екен. Кәрі жүрек со­ған мәз. Бәтір-ау, сырқаттанып жатып та бақытты сезінуге болады екен-ау! Алақанынан су ішкен шөбересі осылайша ба­қыт сыйлапты. Қартайғандағы бақыттың бағасы қандай қым­бат-ты!

Ақылды, зерек, жады мықты Бибала деген апамыз болды. Жүз жасқа жетіп, осы Ақмол­дың тү­біндегі Жаңажол ауылында дүние салды. Көзі жұмылмас бұрын: «Туған топырағыма – Қызбеліме жеткізіңдер!», деп өсиеттеуден бір танбады. Інілері әзілдеп: «Жер таңдап қайтесіз, осы маңға жантая кетпейсіз бе?», – дегенде, апамыз: «Бар бақытым туған елім еді. Бауырын мәңгілікке мекендейін! Мені жұмақтан да ерек бақытты еткілерің келсе, сөйтіңдерші!», – деп өксікке булыққан. Марқұм бақи дүниеде де бақытты болға­нын сезініп жатқан шығар!.. Ал, бақыт өлшемін түсініп көріңіз!

Суық судың өзін үрлеп ішкі­зіп, зар илеткен заманның куә­гері болған, бүгінде тоқсанның же­теуіне келген Гүлнәр Міржа­қып­қызы: «Әкем ақталғасын бақыт­тың не екенін сезінгем!» – дегенде, бақыт бағасын терең пайым­дағандай болғанбыз. Елі­нің Тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен әке аманатындай бол­ған, болаттай берік қыз ба­қыт байламын солай бейнелеген екен. Ал өзінің бақытты қартты­ғының бастауын Халық қаһар­ма­ны, бұл­бұл көмей әнші Роза Бағланова былайша еске алыпты: «Мен сах­наға шыққанда ең жақсы көретін адамыммен кездесуге беттегендей сезінем. Ал­ғашқы ыстық сүйіс­ке ынтық­қан­дай болам. Мі­не, бақыт – осы екен!» Шына­шақ­тай бұлбұл құстың бақшам гүлдегенде тынымсыз сайрап, көмейінен құй­қылжыта ғажап әуен төгетініне қайран қалушы едім, бақсам, жаратылыс ұқсас­ты­ғының төр­кіні бір екен ғой… Әнші мен бұлбұл… Қартайса да әнімен бақытқа кенеліп кеткен өшпес тұлға!. Гүлге ғашықтығын ән­мен әуездеп, әдіптеген сайрауық құс! Ол да бәлкім, бақытты шығар!… Бақытын дауыстан тапқандар!

Қартайғандағы бақыт мәнін ашқымыз келіп, көп әуреленіп жүргенімізде, өз құлағыммен ес­ті­ген белгілі суретшінің сөзін келтірсем деймін. «Құрметті демалысқа шықты дейді, сонда, өлер алдында да демалуға бола ма?» – деп шаршаңқы жүзін тіктеп алған қарт суретші сауал тастады. – Маған осынша көл-көсір еңбек ненің арқасында кел­ді деген сұрақ жиі қойыла­ды. Сондағы жауабымның түрін білгің келе ме, шырағым. Айтайын. Демалмаудан деймін. Сен де таңырқарсың. Ол шыдамсызданып, бос уақытыңызда не істейсіз деп сұрайды. Демалмаймын дей­мін. Басын шайқай­ды. Мені осының бәрін жорта айтып отыр дейтін шығар. Жоқ, шырағым, мен ғұмыр бойы демалмай бақытымды іздеп жүрген адаммын ғой!.. Бақытты қарттық дейсің бе? Е-е, оған демалмасаң ғана бөленесің!..»

Басымызды еріксіз изеп, құптап отырғанбыз. «Шырағым, – деді қарт суретші миығынан жымиып. – Демалмау мен зоры­ғудың аражігін ажырата білесің ғой. Байқа!..»

– Сіз өзіңізді бақытты қарт­пын деп есептейсіз бе? – деп көшедегі өткіншіден сұрадық.

– Жоқ! – деді таяғына сүйе­ніп, алқына демалған қарт. – Жоқ! Қайдағы бақыт?! Кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін білуім керек екен! Бар қателігім сол!

… Қарттар үйінің маңынан өтіп бара жатып, белі бүгіліп, шойнаңдап, әрең жер сызып бара жатқан қаусаған шалдан сұрадым:

– Сіз бақыттысыз ба?

– Бақытты болғанда қандай! Бақыттымын! – деп қою өскен ағаш бұтасының бауырындағы орындыққа жайғасқан шымқай ақ орамалды кейуана жаққа тағатсыздана қарап қойды.

– Ата, қалайша бақыттысыз!

– Қартайғанда да ессіз сүю бақыты болатынына көзім жетті!

… Ал, керек болса! Бақыт­тың өлшемін немен безбендеп, қайда сыйғызар екенсіз?!

Сонда бақыт дегенің жас талғамайтын болғаны ғой!.. Тек уысыңа қондырып, ұстай білші!

Қайсар ӘЛІМ,

«Егемен Қазақстан».