19 Мамыр, 2012

Қызыр қонған шаңырақ

533 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қызыр қонған шаңырақ

Сенбі, 19 мамыр 2012 7:45

Шілік – қалың қыртысты тағдыры бар қазақ­тың киелі ауылдарының бірі. Шымкенттен баб­­­тар­дың бабы Арыстанбабқа өтетін жұрт жолдың екі ше­тін­де майда шіліктерден шегенделген қоршауы бар ауыл тұсынан өтіп бара жатып, шыға берістегі еңселі мектеп пен күмбезі күн көзімен ойнаған мешітке бір қарайламай өте алмайды. Жері сортаң тартып жатқан өңірдің заманында қазақтың өр­­кен­­деген ауылдарының бірі болғандығын бажайлай бермес. Иранның бағын­дай бау-бақшасы, егін­­­­­шілігі, малды, қорлы ауыл болғанын көнекөз қариялар айтқанда ғана “ой, пәлі” деп қасын керер. Сортаң далаға қарап көңілі қолаңтақсып құлазыр.

 

Сенбі, 19 мамыр 2012 7:45

Шілік – қалың қыртысты тағдыры бар қазақ­тың киелі ауылдарының бірі. Шымкенттен баб­­­тар­дың бабы Арыстанбабқа өтетін жұрт жолдың екі ше­тін­де майда шіліктерден шегенделген қоршауы бар ауыл тұсынан өтіп бара жатып, шыға берістегі еңселі мектеп пен күмбезі күн көзімен ойнаған мешітке бір қарайламай өте алмайды. Жері сортаң тартып жатқан өңірдің заманында қазақтың өр­­кен­­деген ауылдарының бірі болғандығын бажайлай бермес. Иранның бағын­дай бау-бақшасы, егін­­­­­шілігі, малды, қорлы ауыл болғанын көнекөз қариялар айтқанда ғана “ой, пәлі” деп қасын керер. Сортаң далаға қарап көңілі қолаңтақсып құлазыр.

Қалай десе де, Шілік қазақтың тарихында өзін­дік орны бар тарихи ауыл екендігі белгілі. Әріге бармағанда, Тұрғанбайдай датқаның өзіне қара­­ған ағайынын ешкімге көз түрткі етпеймін деп отырықшылыққа баулыған ата мекені. Бөген өзе­нін байлап, арық қаздырып, жазыққа су шығар­ған, егін еккен, мал баққан, базар ұстаған құт мекені.

Атадан жақсы ұл туса,

Елдің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елдің малын жейді.

Елдің қамын жеген Тұрғанбай датқа жұртым иманды болсын, жаратқанын танысын, адал өмір сүрсін деп мешіт те салдырған.

Тұрғанбай датқаның немересі, алты алашқа даңқы кеткен сері, балуан, әнші Иманжүсіптің ел жұтқа ұрынған ашаршылықта Шіліктен керуен шығарып, Арқадан астық алдырып, кіре тартқан­дығы да үлкен кісілік, жас ұрпаққа ғибрат.

Қазақтың талай заңғар азаматтарына құт мекен болған Шілік ауылы, оның өмірбаяны өрілген тарихының шетін тарқата бастасаң саф алтындай қазынаға кезігерің хақ.

Шілікте ата-баба өсиетін жалғаған тағы бір жайсаң азамат – Сейітжан Құртаев екендігін көзі көргендер аңыздай етіп айтады.

Атақты Меңлібай қажының ұрпағы Секең, Сей­ітжан аға 1939 жылы Ташкенттегі Орта Азия уни­­верситетінің физика-математика факультетін тәмам­да­ғаннан кейін білімді жастың алдында Алматыдай шаһардың жолы ашылып тұрған. Білімді қазақ жастарына мемлекеттің сусап тұрған шағы. Жас түлек алдында үлкен даңғыл жол жатқан. Әке кесімі тоқтатты.

“Айналайын-ай, басқа ұлдарым болса алдың­нан жарылқасын дер едім, сен жалғызымсың ғой” деген. Мұнысы кәрі әке-шешені ауылға тастап ұшпаққа жетпей-ақ қой дегені ғой.

Есті азамат түсінген. Ауылдағы мектепке мұ­ға­лім болып орналасты. Тал шыбықтай майысып өсіп келе жатқан жас өскіннің дарақ болып тамыр тартуына бойындағы бар білімін жұмсады. Ел басына күн туғанда қан майданға аттанды. Соғыс­­тан жаралы болып елге оралып, ұстаздық қызме­тін жалғастырды. Әке-шешесін әлпештеп күтіп, батасын алды. Хадиша ана екеуінің отбасынан бес ұл, алты қыз өсті. Ата-ана бақыты деген осы шығар.

1960 жылдары қыс қатты болып, Бөген өзенін мұз буғанда көктемде қарғын су жүріп Шілікті су ала­ды. Сонда жаңа мектеп құрылысы қолға алын­ған­­­да майдангер-ұстаз Сейітжан қатты қай­рат көрсетіпті.

Қазақ “әке көрген оқ жонар” дейді. Жауын­гер­шілік ыңғайында айтылғанымен, көргенді ата-ана тәрбиесін көріп өскен ұл мен қыз арман-мақ­­са­тыңа жеткізеді деген пайымдаудан туған ой ғой.

Сейітжан аға мен Хадиша ана тәрбиелеген балалар ел-жұрт қызығып қарайтындай өнегелі болып өсті.

Сейітжан аға қазақтың айтулы ақындарының бірі Айтбай молда Белгібаевпен туған бажа. Оты­рарға келгенде сол кездегі студент, бүгінгі академик Өмірзақ Айтбаевты үйірсектеп, оқуы, тоқуы жайында сұрастырады екен. “Кейін аңға­рып байқасам, әке көкірегінде “менің де балаларым студент атанатын күн қашан туар екен” деген арман жатады екен ғой” деп еске алады Өмекең.

Сол Керімжан, сол Серікжан, сол Әлімжан сту­дент атанып, бір-бір жоғары оқу орнын тә­мамдап қана қоймай, білімнің биік белестерін бағындырды. Үшеуі де техника ғылымдарының докторы. Алып серіктестік, компания, ордалы оқу орны, аудан мен қала басқарып, абырой биігін төмендетпей жүрген де осылар. Олар туралы, басқа балалары жайлы әңгіме бөлек.

Ал, кәсіпкерлікке бой ұрған Серікжан Сейіт­жановтың елді индустрияландыру бағдар­лама­ла­рына Елбасымыздың өзі қолдау көрсетіп, ақ тілеу айтып жүретіндігі елдің көз алдында.

Сол Серікжан аға Шілікте өз қаржысына ту­ған еліне көмегім болсын деп атты кісі түсіп қа­райтындай мектеп салды. Мектеп салған ж­алғыз Сейітжанов емес қой дерсіз, келісерміз. Бірақ… Сейітжан Құртаев атындағы орта мектептің ішкі ауласына кірген жанның жүрегін баурайтындай ескерткіш асқақтап тұрады.

Сол кездегі заман үлгісімен иінінде китель, саптама етік киген қою қасты, бүркіт қабақ, сұсты жүзді майдангер мұғалімге орнатылған ескерткіш жанындай жақсы көретін әкеге ғана емес, барлық ұстаздар қауымына, оның ішінде алғашқы мұға­лім­дерге орнатылған ескерткіш­тердің жиын­­тық образындай көңіл баурайды.

Биыл көктемде қазақтың тарихқа бай, көне ауылдарының бірі Шілікте жұрт айта жүрерлік­тей той өтті. Асқар тау әке мен аялы алақан ана құрметі үшін. Сейітжан әке бүгінде тірі болғанда 100 жасқа толар екен. Ал, Оңтүстіктің ел ардақ­тайтын аналарының қатарына жеткен Хадиша шешей 90 жасқа толған.

Адам құдайдан бала тілегенде саналы, ағай­ынға ғана емес, елге пайдасы тиетін ұрпақ бер дейді. Сондай ұрпағымен мың жасайды.

Бүгінде жұрт Сейітжановтар әулетін ата-ана арманын орындаған, қазақша қайырып айтқанда, ұшпаққа жеткізген әулет деп атайды.

Ұлы той 100-ге толған әкеге, 90-ды еңсерген анаға арналды. Ұлағатты ұстаз, 11 ұл-қызға әке, тамырын тереңге жіберген алып бәйтерек Сейіт­жан ата қабірінде бір аунап түскен шығар, ал қо­сағының көре алмай кеткен қызығын көріп, шө­бе­релерінің қолынан май жалап жүрген Хадиша шеше батасын беріп, жұрттың алқауында жүрді.

Ескі Шіліктегі Сейітжан Құртаев атындағы мектептің акт залында қазақтың таңдаулы ақындары жиылған айтулы айтыс өтті.

Ал, ескі Шіліктің қыр жағындағы тепсеңде мың қаралы көкпаршы қатысқан көкпар өтті.

Салым салғандар оншақты жеңіл көлікті болды. Ақшалай бәйгелер тігілді.

Қазақтың Мұхтар Шахановтай жақсы-жай­саң­дары бас қосқан той даңғазаның, әке атын бұлдап атақ шығарудың емес, өнегенің тойы болды. Біз бұл тойдан тәрбиелі ұл-қыздың өздерін өмірге әкелген, биікке көтерген ата-анасына деген құр­ме­тін көрдік, ыстық махаббатын жүрек­пен сезіндік.

Сейітжан атаның ұрпақтары ата-бабаны қастерлеудің үлгісін осылай көрсетіп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

“Егемен Қазақстан”.

Оңтүстік Қазақстан облысы.