30 Маусым, 2012

Олимпиадашыларға бар жағдай жасалды

493 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Олимпиадашыларға бар жағдай жасалды

Сенбі, 30 маусым 2012 7:24

Қазір әлемнің назарында – Лондон. Төрт жылда бір айналып келетін үлкен спорттың аламанында үзеңгілестерінен қара үзіп мәреге алғаш жетуге үміткер мемлекеттер соңғы дайындықтарын пысықтауда. Осы әлемдік топқа Қазақстан 100-ден аса үкілеген үмітін қосып жатса, соның 13-і Оңтүстіктің үлесінде.

 

Сенбі, 30 маусым 2012 7:24

Қазір әлемнің назарында – Лондон. Төрт жылда бір айналып келетін үлкен спорттың аламанында үзеңгілестерінен қара үзіп мәреге алғаш жетуге үміткер мемлекеттер соңғы дайындықтарын пысықтауда. Осы әлемдік топқа Қазақстан 100-ден аса үкілеген үмітін қосып жатса, соның 13-і Оңтүстіктің үлесінде.

Үш миллионға жуық халқы бар оңтүстік өңірі Олимпиада ой­ындарында несібесіз болып көрген жоқ. Құдай бұйыртса, қа­зақ байрағын тұманды Альбион аспанында желбіретуге мүмкін­дігі жететін спортшыларымыз бар. Мынау қандай деп сырттай тон пішпесек те, мемлекетіміздің намысын қорғайтын тәжірибелі саңлақтарымыз жетерлік. Бүгінде оларға алаңсыз дайындалу үшін барша жағдайды туғызып жатырмыз. Наталья Ивонинская баста­ған жеңіл атлеттеріміз дайын­дық­тың соңғы кезегін өткізіп жатыр.

Жүлде алуға сенiм артып отырған спорт түрi – таэквандо. Олимпиада ойындарына Қазақ­стан құрамасы 3 жолдама алса, оның екеуi оңтүстiк өрендерiне тиесiлi. Бүгiнде Нұрсұлтан Мамаев пен Феруза Ергешова сынды таэквандошыларымыз Оңтүс­тiк Кореяда оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Таэквандо федерациясының президенті, ұлт­­жанды азамат Шамсат Иса­бековтің айтуы бойынша, осы Олимпиадада жерлестеріміз олжа салуға әбден дайын.

Байдарка және каноэ есу ше­берi Евгений Алексеев Белоруссия және Чехия мемлекеттерiнде шеберлiгiн шыңдауда. Стендке оқ атудан Ангелина Мищук ел намысын қорғайды. Ол Ресей және Италия мемлекеттерiнде сайыс­тар­ға қатысып, дайындығын пы­сықтауда. Велоспорттан Александр Дьяченкоға сенiм артамыз. Ал спорттық гимнастикадан Мөл­­­дiр Әзiмбай сынға түседi. Нелли Кимнiң iзбасары болып табылатын жас спортшы Ресей­дегi дүбiрлi бәсекеге қатысып қайтты. Бокстан Астана қаласын­да өткен лицензиялық жарыста 49 кило салмақ дәрежесiнде Бiржан Жақыпов топ жарып, олимпиадаға жолдама алды.

 Еркiн күрестен де екi жолдама бар. Оның бiрiн Астанадағы дүбiрлi додада Елена Шалыгина жеңiп алды. 67 кило салмақ дә­режесiнде бақ сынайтын жерлесi­мiздiң Олимпиадада жүлде алатын мүмкiндiгi зор. Бүгiнде Елена Ыстықкөлде шеберлiгiн шың­дауда және таяу күндерi Чехия­дағы халықаралық жарысқа қа­ты­сады деп жоспарланған.

Ерлер арасында танымал ер­кiн күрес шеберi Ермек Байдуашев Тайваньдағы сайыста жолда­маға қол жеткiздi. 84 кило салмақ дәрежесiнде боз кiлемге шығатын Ермек Лондонда барын салса, жүлде алуға шамасы жетедi. Дзю­додан 48 кило салмақ дәре­жесiнде Александра Подрядова да Олим­пиадаға қатысады. Талантты спорт­шымыз бiр-екi ха­лықаралық жарысқа қатысып, төртжылдық­тың шiлдедегi басты бәсекесiне сақадай-сай болатынына сенiм­дi­мiз. Ауыр атлетикадан әйелдер ара­сында Надежда Ногай жара­қа­тына байланысты Олимпиададан шет қалды. Есе­сiне, ерлер арасында 56 кило салмақ дәрежесiнде Чонтей Арли Талдықорғандағы ел бiрiншi­лiгiн­де топ жарып, жол­да­ма­ға ие болды. Бұл зiлтемiр көте­ру ше­берiнiң де жүлде алуға мүм­кiн­дiгi бар. Аталған спортшылар­дың бәрi Лондон Олимпиадасына қы­зу дайындық үстiнде. Басқарма тарапынан олардың сайысқа ала­ң­сыз дайындалуына барлық жағдай жасалған. Бұйырса, облыс бапкер­лерi мен жанкүйер­лерiнiң сенiмi ақталып, сайып­қыран­дарымыз Олимпиада ойындарынан олжалы оралады деген ойдамыз. Сонымен қатар, Ұлы­бри­тания астанасында жазғы па­раолимпиадалық ойындар өтедi. Оған облысымыздан А.Соболева мен А.Михайлова сын­ды суда жү­зу шеберлерi қа­тысады деп күтiлуде.

Ағымдағы жылдың бес айында облыс спортшылары Қазақ­стан бiрiншiлiктерiнен 72 алтын, 85 күмiс, 92 қола медаль жеңiп алды. Жасөспiрiмдерiмiз де, жастарымыз да, ересектерiмiз де өздерiне жүктелген мiндеттi то­лық сезiнiп, жақсы көрсеткiш­тер­ге қол жеткiз­дi. Жыл басынан бе­рi жер­­­лес­­­те­рiмiз Азия бiрiншi­лiк­терiнен 7 алтын, 4 күмiс және 7 қола медаль олжалады. Атап айтар болсақ, ер­кiн күрестен Е. Шалыгина мен I.Ермұхамбет Азия чемпионы атанса, грек-рим күресiнен Асхат Салтыбаев топ жарды. Ал пауэрлифтингтен К. Хан, У. Ерметов және Д. Тұра­ханов сынды спортшылар алтын медаль жеңiп алды. Оқ ату спортынан Е. Лунина Дохадағы Азия бiрiншiлiгiнде топ жарды. Және мұндай жағымды жаңалық­тарды әр спорт түрінен мысалға келті­руге болады.

Жыл басынан берi Оңтүстiк өрендерi әлем бiрiншiлiктерiне де қатысып, ел қоржынына бiр­не­ше жүлде салды. Мамыр айында ауыр атлетикадан 23 жасқа де­йiнгi жастар арасында Гватемалада өт­кен әлем бiрiншiлiгiнде Жазира Жаппарқұл бiрiншi орынды жеңiп алды. 69 кило салмақ дәре­жесiнде әлем чемпионы атанған Жазира төрт жылдан кейiн Бразилияда өтетiн Олимпиада ойын­да­рын­да­ғы басты үмiттерiмiздiң бiрi.

Облыста туризм, дене шы­нық­­тыру және спорт басқарма­сына бағынышты 1 Олимпиада резервiн даярлау орталығы, 2 жоғары спорт шеберлiгi мектебi және Б.Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт-интер­наты бар. Сондай-ақ, 14 маман­дандырылған спорт мектептерi мен 6 коммуналдық қазыналық кәсiпорыны жемiстi жұмыс ат­қаруда. Аты аталған спорт мек­тептерi мен мекемелердiң бәрiне тиiстi мiндеттер жүктелген. Бас­ты мақсат – әлем бiрiншiлiгi мен олимпиада жүлдегерлерiн даярлау, саламатты өмiр салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту. Ол үшiн қажеттi спорт ке­шендерi мен ойын алаңшаларын көбейте түскен жөн. Соңғы бiр-екi жыл көлемiнде бұл бағытта жүйелi жұмыс атқарылды. Облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң тапсырмасымен және тiкелей қол­дауымен өңiрiмiзде көптеген спорт нысандары салынып, бү­гiн­де олардың саны 4649-ға жет­тi. Оның iшiнде ең негiзгiлерi болып табылатын 21 стадион, 1 спорт сарайы, 9 спорт кешенi, 3 оқу-жаттығу орталығы, 20 спорт кешенi және 22 жүзу бассейнi халыққа қызмет көрсетуде. 748 спорт залы мен 6 спорт манежi де саламатты өмiр салтын ұстанам деушiлерге өз қызметiн ұсынады. Елдiң сұранысына сәйкес спорт нысандары әлi де көбейедi деген сенiм бар. Бұл бағытта да жұмыс атқарылуда.

Қазақстан Олимпиада ойындарында негізінен алтынды бокс, күрес және ауыр атлеттер жарысынан теріп жүр. Бірақ, бұл спорт түрлерінде мықтағанда ондаған алтын ғана сарапқа салынады. Ал алтынды ең көп беретін спорт түрлері – “спорт падишасы” атанған жеңіл атлетика мен суға жүзу спорты. Екеуін қос­қанда, алтын бастаған жүз жиын­тық медаль бәсекеге түседі. Алысқа бармай-ақ, соңғы Бейжің Олимпиадасын еске алсақ, америка­лық суға жүзгіш Майкл Фелпстің өзі еліне әртүрлі қашықтар бо­йынша 8 алтын сыйлады. Ямай­ка­­лық желаяқ Усеин Болт, заула­ған­да желден жүйрік қара маржан 3 алтын жеңіп алды.

Ал біздің мемлекеттік меже­міз – үш алтын. Жеңіл атлеттері­міз бен суға жүзушілеріміз жабық спорт кешендері жоқ болған­дық­тан шетелге шығуға мәжбүр. Елі­міздің қыруар қаржысы сыртқа инвестиция болып құйылып жатыр. Осының бәрін облыс әкіміне айттық. Асқар Мырзахметов заманауи үлгідегі жеңіл атлетика манежі мен жабық бассейн кешендерін салуға қаражат бөл­гізді. Бүгінде жеңіл атлетика ма­нежі – спорттың көптеген түрле­рінен халықаралық жарыстарды өткізетін орталыққа айналса, ха­лықаралық стандарттарға не­гіз­деліп салынған су спорты ке­ше­нінде бір кезекте 97 адам шебер­лігін шыңдай алады. Сегіз жүзу жолы бар бассейннің өл­шемі 50х22 метр. Бүгінде су спортымен айналысатын 200-ден астам жасөспірімдер осы кешенде жат­тығып жатыр. Мұнда тәжірибелі азаматтар жұмыс жасайды.

 Оңтүстік Қазақстан облысы – табиғаты жайлы, қысы қысқа, көк­өнісі мол, берекелі аймақ. Же­ңіл атлетика және суға жүзу спор­ты құрамаларының бас бап­керлері: “Енді шетелге сандалмайтын бол­дық”, деп қуанып жүр.

Болашақта спорттың осы тү­рі­нен еліміздің әлемге әйгілі болмасына кім кепіл. Мұның бәрі Елбасымыздың, Үкіме­ті­міздің, об­­лыс әкімдігінің арқа­сында мүм­кін болды. Қазіргі үлкен меже Лондон болғанымен, келесі олим­пиадалық ойын­дар­дың а­лғы­­­шар­ты Оңтүстікте қа­ла­нып жатыр.

Болат ҚЫРЫҚБАЕВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт,

дене­шынық­­тыру және туризм басқармасының бастығы.

ШЫМКЕНТ.