Бапкер
Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:26
Алатау етегінде “Тау самалы” демалыс аймағында еркін күресбалуандары теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте күш-қуаттарын шыңдапжатыр. Балуанның тынысын ашу үшін осындай таулы жер керек. Мұндажан-жағың ұйқыға шомған ну орман болғанымен, ауамен дем алуқиынырақ. Есесіне, етекке түскенде өзіңді өте жеңіл сезінесің.
Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:26
Алатау етегінде “Тау самалы” демалыс аймағында еркін күресбалуандары теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте күш-қуаттарын шыңдапжатыр. Балуанның тынысын ашу үшін осындай таулы жер керек. Мұндажан-жағың ұйқыға шомған ну орман болғанымен, ауамен дем алуқиынырақ. Есесіне, етекке түскенде өзіңді өте жеңіл сезінесің.
Бас бапкер Алтай Танабаев: “Дағыстанда 18 күн оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Біздің балалардың күресін көргенде олар таң қалды”, дегенде біз ойланып қалғанбыз. Өйткені, Ресей алып империя болғанымен, еркін күрес және грек-рим күресінен негізінен құрамада Қап тауының жігіттері, оның ішінде дағыстандар мен осетиндер күреседі. Біздің құрамада үшеуі бар еді. Олардан Марид Муталимов бармайтын болып, Абдулхаким Шапиев пен Теймураз Тегиев қалды. Көрші Өзбекстан осетин Артур Таймазовтың арқасында екі Олимпия ойындарында алтын медаль олжалады. Үшінші Олимпиадада да сенері сол. Кешегі одақтас республикаларды былай қойғанда, Қап тауының ержүрек жігіттері әлемнің бірқатар құрамаларында күреседі.
Әңгімемізді бас бапкер Алтай Танабаевқа мынадай сұрақ қоюдан бастадық.
– Қазақ күресі… Мұсылман жұртында күші асқан Қажымұқаны, мықты Балуан Шолағы бар. Ол неге бүгін тоқырап тұр? Кавказдағы Бувайсар Сайтиев деген бір оғланның өзі үш Олимпиаданың алтынын әперді. Ал біз Атлантадағы Мәулен Мамыровтың қола медалінен кейін медаль сыңғырын естімедік. Қап тауының жігіттерін Алла тағала шынымен басқалардан артық жаратқан ба?!
– Ешкім ешкімнен артық емес. Дағыстанда барлық мектептерде күрес залы бар. Еркін күрес бұл – елде нөмірі бірінші спорт. Әр отбасында балалары күреске бармаған болса, ұят саналады. Ұлттық мақтаныш деңгейіне жеткізілген. Тау балалары намысқой, оған бала шағынан күрескенін қоссаңыз, басқалардан әлдірек әрі өркөкіректеу болып келеді. Оның үстіне үлкен спорт – жақсы өмір сүрудің де кепілі. Құрамаға кіру үшін мұндағы балуандар күндіз-түні жаттығуға бейіл. Жеңілгенді намыс көреді. Өз ұлтының қадір-қасиетін жақсы түсініп, жақсы атын шығаруға жанын салады. Ел іші бөтеннің мәдениетімен былғанбаған, өзінің салт-дәстүрі негізінде уызға жарыған ұлт. Өзің айтып отырған Бувайсар Сайтиев – бес уақыт намазын қаза жібермейтін, оразаны уақытында ұстайтын текті жігіт.
– Дағыстандар бағалап жатса, біздің жігіттердің де жұлдызды шағының жақындап қалғаны ғой?
– Ол рас. Жігіттеріміз мықты. Әрине, кейде көңілге келетін жәйттер бар. Күреске бір кісідей еңбегі сіңген ағамыз теледидарда интервью беріп отырып: “Құрама тізгіні менде болса, бір емес, жеті алтын әкелер едім”, дейді. Үлкен адам ойланып айту керек қой. Ешқандай суперкоманда бір Олимпиаданың бар алтынын сыпырып алып кеткен кезі жоқ. Ол мүмкін емес. Осындай арзан дақпыртқа аңқау жұрт сеніп қалады да, әртүрлі әңгіме айтып жүреді. Әуелі бір алтынға жетіп алайық, содан кейін айт айтатыныңды. Орынсыз әңгімемен жұрттың құлағын көтере беруге болмайды.
Дәулет пен Дәурен туралы жазуымыз керек еді. Індетіп. Ел “ұлым батыр” деп сезінетіндей, інілері қуанып, күрес кілеміне асығатындай.
Қызылорда облысы спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы Садық Мұстафаев бауырым Ыстамбұлдан, әлем чемпионатынан оралғанда кездескенбіз.
Әлем чемпионатының алдында Дәулет Садық ағасының алдына кіріпті. “Аға, сіз “Ыстамбұлға барсаңыз жүлде алатын шығармын”, депті. “Рас па, әлде қиялың ба?”, дейді бұл. “Рас, аға”, дейді інісі. Еркін күрестен қазақ медаль көрмегелі қашан. Садық салып ұрып облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың алдына келеді. “Ыстамбұлға бармасам болмайды. Жүрегім сезеді. Бір медаль болып қалады-ау”, дейді. Әкім жұмыстың көптігін айта отырып, қиналса да жібереді. Ыстамбұлда жігіттер бас қосқанда “жүлде аламыз” деген үмітімді білдіргенімде бәрі күлді. “Құрамаға енді кірген жас балуан айта береді, сақа балуандар тұрғанда оған медаль қайда”, деп. Дәулет екеуміз әр жекпе-жекті пысықтадық. Талай әлемдегі мықты балуандарды жеңді біздің жігіт.
Садық солай деген. Кейбір спортшыларға өзі ардақ тұтатын адамдардың қасында болуы қосымша күш береді. “Нұрлан аға (бапкері Нұрлан Ақүрпеков) қасымда болса, мен Олимпиаданың чемпионынан да тайсалмаймын”, деген боксшы Ғани Жайлауов.
Сенім деген құдіретті ғой. Бүгінде еркін күрес құрамасының сапында төрт әлем чемпионатының жүлдегері бар. Үштікке кірген балуан бірінші орынға таласпайды, бас бәйгені алмайды деп ешкім айта алмайды. Тек, өзіне өзі келгенше жеребе жақсы түссін деңіз. Қуаттанған өз күшіне сенген балуан күш бермей кетеді сосын.
Балуандар бапкерлеріне разы. Екі жақ бірін-бірі түсініскен жерде нәтиже болады.
– Жігіттермен бірге “Жаужүрек мың бала” фильмін көрдік. Керемет фильм, – дейді Алтай Танабаев.
– Идеясы ғажап. Бір топ жеткіншек күші басым жауға шауып, жорық туын жығады. Туы жығылған жаудан қайрат кетеді. Сол батырлар бүгінгі балуандар ғой.
Қазақ байрағын Олимп биігіне тіксек деп барады.
“Жолдарыңыз оңғарылсын”, дедік біз.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.