Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Балапан мен тауық үлестіріп жүр

1319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Балапан мен тауық үлестіріп жүр

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы, Сүттібұлақ ауылының 26 жасар тұрғыны Нұрәділ Сабыр «Jas Project» жобасы бойынша 1 млн. қайтарымсыз грантты жеңіп алады. Бұл жоба өзіндік идеясы бар, қолынан іс келетін, мақсаты айқын жастарға қолдау көрсетеді. Өзінің әлеуметтік жобасы бойынша Нұрәділ ауылдағы жағдайы төмен сегіз отбасыға төрт ай көлемінде жұмыртқа мен балапандар беруге міндеттелген.

Әуелі тауық қора салып, 500 жұмыртқаға арналған инкубатор мен 50 тауық сатып алған жас жігіттің жұмысы жақсы жүріп кеткен. Сондықтан да ол ауыдастарына жұмыртқалар мен балапандарды тегін ұйымдастырып жүр.

Нұрәділ Сабыр өзінің жас кезінде әр үйде тауық көп болғандығын айтады. Кейін белгісіз бір себептермен тауық асыраушылар азайып кеткен. Жұртшылық тауық еті мен жұмыртқасы үшін аудан, қалаға шығады. Осының бәрін ой елегінен өткізген жас жігіт «Jas Project» жобасына өз бизнесін ұсынып, қайтарымсыз грант жеңіп алады. Мемлекеттік қолдау енді бір ауылдың тауыққа тірелген проблемасын шешуге жәрдем жасады.