Руханият • 24 Сәуір, 2019

«Айбарыс» жастар театры бірінші орынды жеңіп алды

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Айбарыс» жастар театры бірінші орынды жеңіп алды

 Қалалық мәдениет сарайында Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен   «Шығыс Қазақстан облсытық жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығына» қарасты Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Үздік жастар театры – 2019» байқауы болып өтті.

- Байқаудың мақсаты жастар арасындағы нашақорлық деңгейін төмендету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және жастар арасында отбасы құндылығын насихаттау болып табылады,-деді Семей қалалық Жастар ресурстық Орталығының директоры Олжас Соғымбай,-байқауға қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 9 студент жастар театры қатысты.

Сонымен байқаудың нәтижесі бойынша: 1 орын – Бизнес және Сервис колледжінен «Айбарыс» жастар театры, 2 орын – М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжден «Ес-Аймақ» драма үйірмесіне,
3 орын – Құрылыс колледжінің  «Қазақ жастары» драма театрына берілді.

 «Ең үздік ер адам рөлі» аталымын – Мәсалім Ыһлас М. Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің «Ес-Аймақ» студент жастар театрынан иеленсе, «Ең үздік әйел адам рөлі» аталымын Жанна Құрманғазина «Жігер» студенттер театры, М. Төлебаев атындағы музыкалық училищесінен иеленді.     Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен, жүлдеге іліккен қатысушылар ақшалай сыйлықтармен арнайы дипломдармен марапатталды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,                   

«Еgemen Qazaqstan»

СЕМЕЙ