Спорт • 24 Сәуір, 2019

Ел таеквондошылары Оңтүстік Кореяға аттанды

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таеквондодан Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы әлем чемпионатына тыңғылықты даярлану мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Оңтүстік Кореяға аттанды.

Ел таеквондошылары Оңтүстік Кореяға аттанды

Ұлттық команда бапкерлерінің бұл таңдауы бекер емес. Себебі, таеквондоның отаны – Оңтүстік Корея. 1973 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан әлем чемпионаттарында 280 бас жүлде сарапқа салынса, соның 167-сін кәрістер иеленген. Сонымен қатар, Олимпия ойындарында да ешбір мемлекеттің өрендері олардың алдын орай алған жоқ. Сондықтан да біздің даян шеберлері өздерінің оқу-жаттығу жиынын Оңтүстік Кореяда өткізуді құп көрді.

Ал биылғы жылғы әлем чемпионаты мамыр айының бел ортасында Ұлыбританияның Манчестер қаласында өтеді. Бұл жарыста Қазақ елі намысын мына спортшылар қорғайды:  

Ерлер –  Самат Темірхан (54 кило), Елдос Ысқақ (58 кило), Елдар Бірімбай (63 кило), Нұрсұлтан Мамаев (68 кило), Қайрат Сарымсақов (74 кило), Нұрлан Мырзабаев (80 кило), Смайыл Дүйсебай (87 кило) және Руслан Жапаров (+87 кило).

Әйелдер – Айнұр Лашбай (46 кило), Айнұр Есбергенова (49 кило), Фариза Алдоңғарова (53 кило), Ботакөз Қопанова (57 кило), Фатима Жақсыбаева (62 кило), Ақсәуле Ерқасымова (67 кило), Жансел Дениз (73 кило) және Мереке Жүнісова (+73 кило).