Әдебиет • 24 Сәуір, 2019

Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды

1082 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мәдениет порталы» мен «Алтын қазына» ҚБ бірлесіп жастар арасында Республикалық «Семсер» әдеби конкурсын жариялап отыр.

Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды

Конкурстың Бас демеушісі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі - Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы. Еуразиялық топ (ERG) жыл сайын еліміздің рухани өмірін дамытуға өлшеусіз үлес қосып, әдеби-мәдени шараларға демеушілік жасап келе жатыр. 

Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы Үздік проза, Үздік поэзия, Үздік әдеби сын деген 3 аталым бойынша өтеді. Бас жүлде - 1 000 000 теңге! Әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліп отыр. Сонымен қатар, арнайы әдеби сыйлықтар да бар. Гран-при иегеріне «SEMSER» әдеби сыйлығы табысталады. Ал қалған жүлдегерлерге Алтын төсбелгі тағылады. 

Әдеби конкурс ресми түрде жарияланған күннен бастап, 45 жасқа дейінгі барлық қаламгерлер өз шығармаларын «Мәдениет порталына» өздері орналастыруға барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Конкурс онлайн режимде, барша қазақстандықтардың көз алдында ашық түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, оқырмандар өзі ұнатқан шығармаларға дауыс бере алады. Мұның барлығы қазылар алқасының қорытынды шығару кезінде есепке алынады. 

Әдеби бәйге тек мемлекеттік тілде өтетінін айта кету қажет. Конкурс туралы толық ақпаратты «Мәдениет порталынан» оқи аласыздар.