Қазақстан • 02 Мамыр, 2019

Елордада жатақханадан өрт шықты

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада жатақханадан өрт шықты

Бүгін қаладағы Ж.Досмұхамедұлы көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жатақханадан өрт шықты. Белгілі болғандай, жатақхананың 2-қабатындағы аумағы 18 шаршы метрлік бөлме өртке оранған. Өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды ушықтырмай, жылдам сөндірді. Сондай-ақ, оқиға орнынан 32 адам эвакуацияланды. Өрт кезінде кішкентай бала газдан уланып, орташа деңгейлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.

 Оқиға орнына қала басшысы жетті. Өз кезегінде Бақыт Сұлтанов Байқоңыр аудандық әкімдігі басшыларына өрттен зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. 

Сонымен қатар, тұрғындар елорда әкіміне жатақхананы апат жағдайындағы сүрілетін тұрғын үй қатарына қосуды сұрады. Өтініш бойынша әкім арнайы әлеуметтік комиссия жіберіп, ғимаратты тексеруді тапсырды.