Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Өскеменде 6 үй неге бос тұр?

951 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының былтыр жария еткен «Пре­зи­­денттің бес әлеуметтік бас­­­­тамасы» атты халыққа Үн­де­­­­уі­­нен кейін елімізде «7-20-25»­ бағ­дарламасы қабылданғаны бел­гілі. «Өз үйі – өлең төсегі» жоқ жұртқа үміт отын сыйлаған бағдарлама облыста қалай жү­зеге асырылып жатыр? Қанша адам бас­паналы болды?

Өскеменде 6 үй неге бос тұр?

Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділет Тұрысбектің айтуынша, 2019 жылы өңірде тұрғын үй құрылысын салуға және коммуникация жүргізуге облыстық бюджеттен 29,3 миллиард теңге қаржы бөлініпті. Жалпы, 70 көппәтерлі, 54 бір қабатты және тұрғындардың өз қаражатына 5000 жеке үй тұрғызу жос­парланған екен. «Жылдың соңына дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1120 пәтер салынып бітеді. Қазір алты үй­дің құрылысы бітіп тұр. Бірақ оған әлі тұр­ғын­дар қоныстанған жоқ. 20 сәуірдегі мәлі­меттерге қарағанда, банктен ипотека алуға 547 азаматтан өтініш түскен, оның ішінде 337-сінің өтініші мақұлданған», дейді Ә.Тұрысбек.

Дайын үйлерге тұрғындардың қоныс­танбауының бір себебі – өңірдегі несие беруші банктердің облыста салынып жат­­қан баспаналардан хабарсыздығы. Құ­рылысы былтыр аяқталса да, тұрғындар әлі кіре алмай әуре-сарсаңға түсіп жүр­­­ген үй­лердің мәселесі – өз алдына бөлек әңгіме. Құрылыс басқармасы жаңа үй­лер­ге азаматтарды қоныстандыру кес­тесін екі айға дейін кешіктіріп келеді. Жа­қында облыс әкімдігінде өткен жиын­да аймақ басшысы Даниал Ахметов бас­қарма жұмысын қатты сынға алды. «Жуықта банк басшыларын шақырып, осы мәселені талқылағанымызда несие беруші ұйымдардың салынып жатқан құрылыстан мүлде хабарсыз екендігі бел­гілі болды. Үйлердің қайда, қанша көлем­де салынып жатқаны, сипаты қандай - еш мағ­лұматтары жоқ. Аймақта тұрғызылып жатқан нысандар туралы толық ақпарат беріңіздер», деп тапсырды облыс әкімі басқарма басшысының міндетін атқарушы мен өзінің орынбасары Бақытжан Баях­метовке.

 

ӨСКЕМЕН