Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Қарағандыда ат спортының жас шеберлері сынға түсті

1407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Отан қорғаушылар күні мерекесі және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығы қарсаңында ат спорты түрлерінен жарыс өтті.

Қарағандыда ат спортының жас шеберлері сынға түсті

Ұлттық спорт түрлерінің республикалық фестивалі аясында өткен сайыста жас спортшылар жамбы ату, теңге алу, аударыспақ секілді күрделі және ойын-сауық спорт түрлері бойынша күш сынастарды. Сондай-ақ, ат спортынан облысқа танымал спорт шеберлері мен чемпиондар қаладағы «Қайрат» ұлттық және ат спорты түрлері мектебінің тәрбиеленушілері мен аула клубтары мүшелерінің алдында өнер көрсетті. 

Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасына сай, облыстың жас спортшылары тоғызқұмалақ пен қазақ күресі бойынша да сайысқа түсті. Бұдан бөлек, балалар «Көңілді старттар» эстафетасына қатысып, лақ аулады, жерден садақ атып, асық ойнаудан жарысты.

Қарағанды қаласындағы ат спорты базасында өткен фестивальге 300-ге жуық жас спортшы қатысты.


Қарағанды облысы