Жақында Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысқан Әлібек бас жүлдені қанжығасына байлады. Ол ақын атасының жырын жатқа айтып, арнау өлеңін оқып және Жансүгіровтың драмалық шығармасынан үзіндіні сахналады. Белгілі ақын жазушылар мен әдебиеттанушылардан құралған қазылар алқасы Әлібектің өнерін жоғары бағалап, бас жүлде берді. Бәйгеге тігілген 500 000 теңге көлеміндегі сыйақыны аудан әкімі Есім Базарханов тапсырды.
- Жүлде қомақты екен. Ата-анаммен ақылдаса отырып, мен бұл жүлдемді «Ілияс Жансүргіров» қорына тапсырғым келді. Биыл ақын атамыздың туғанына 125 жыл толып отыр. Ауданда атамызға арналған көптеген шара өтпекші. Соған қосқан үлесім болсын деп ойладым. Ал өзім әлі талай жарыста топ жарамын ғой, - дейді Әлібек.
Айтпақшы, оқушылар арасында өткен Ілияс оқуларына еліміздің 13 облысы мен жеке қалалардан 24 үміткер келді. Жас Ілиястанушылар ақын туған өлкенің табиғатын тамашалап, Молықбай атындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған өлкетану мұражайын аралады.