Ал, Қалқаман кентінде әкім облыс әікімі Василий Московченко мен Иван Кондрашовтың отбасыларында болды. Жеке үйде тұратын Василий Московченко өңір басшысына өтініш білдірді.
- Әйеліміз екеуіміз жас емеспіз, - деді майдангер. –Әжетхана аулада орналасқан, шығып-тұруымыз қиындап кетті. Болат Бақауов ардагерге кенттің ішіндегі жақында ғана жөндеуден өткен төрт қабатты үйдің бір пәтеріне көшуді ұсынды.
Егер, ардагердің отбасына тұрмыс жағдайы қанағаттандырса, оларға бұл пәтер беріледі. Бұл күндері өңірде 72 майдангер тұрады. Мереке қарсаңында соғыс ардагерлеріне 500 миллион теңге көлемінде сыйлық берілуде.
Павлодар облысы
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев