Спорт • 13 Мамыр, 2019

Дмитрий Баландин Champions Swim Series турнирінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды

857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапештте жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлде жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Дмитрий Баландин Champions Swim Series турнирінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды

Баландин аталған қашықтықты 2:10.73 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, үздік үштікке енді. Әлемдік турнирдің бұл кезеңінде ресейлік Антон Чупков тағы да көш бастаған. Оның уақыт көрсеткіші - 2:08.23.

Екінші орында 2:08.61 нәтижесімен жапондық Иппэй Ватанаба. Айта кетелік, тап осы жапондық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордтың иегері (2:06.67).

Аралас эстафетада Дмитрий Баландин екінші рет қола медаль иеленді.