Медицина • 13 Мамыр, 2019

Қатерлі ісікке шалдыққандарды дәрі-дәрмекпен уақытында қамтамасыз ету тапсырылды

832 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласындағы жұмыс сапары кезінде бірінші кезекте қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмектермен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Қатерлі ісікке шалдыққандарды дәрі-дәрмекпен уақытында қамтамасыз ету тапсырылды

Сондай-ақ Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен өткен селекторлық отырыста республика бойынша онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету сапасы туралы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы міндетін атқарушы Диляра Қайдарова  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту «Денсаулық» бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасындағы онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспар іс-шараларының орындалғаны туралы баяндама жасады.  

Диляра Қайдарованың айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық онкологиялық бағдарламалар бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілді, 0-1 сатылардағы ерте анықтау диагностикасы 26,2% -ға дейін өсті, 5 жыл өмір сүру деңгейі 51,0%-ға дейін өсті. Сонымен бірге, 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар аймақтарда (Алматы, Қызылорда, Атырау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында) көрсеткіштердің жоспарлы мәніне қол жеткізілмеу қаупі орын алған.

Сондай-ақ, Министр Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарының денсаулық сақтау басқарма жетекшілеріне онкологиялық ұйымдарда бас дәрігер лауазымында отырған тұлғалардың лауазымдық орынға сәйкестігін көтеру туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35