Медицина • 13 Мамыр, 2019

Обырды асқындырмай анықтау үшін кешенді жоспар аясында 1 592 804 мың теңге бөлінді

850 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласындағы жұмыс сапары кезінде селекторлық отырыс өткізіп, жиында еліміздегі онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету сапасы туралы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Обырды асқындырмай анықтау үшін кешенді жоспар аясында 1 592 804 мың теңге бөлінді

Сондай-ақ, Министр Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарының денсаулық сақтау басқарма жетекшілеріне онкологиялық ұйымдарда бас дәрігер лауазымында отырған тұлғалардың лауазымдық орынға сәйкестігін көтеру туралы тапсырма берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация Комитеті төрайымы Людмила Бюрабекова өз баяндамасында Фармация Комитеті жүргізген онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі  аудиттің қорытындысы туралы баяндама жасады. Министр Елжан Біртанов Фармация Комитетінің кешенді тексерісі нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау басқарма жетекшілеріне, онкологиялық ұйымдардың басшыларына тапсырма берді.

Биылғы 19 мамырға дейін фармацевтикалық Комитеттің жетекшісі Людмила Бюрабековаға өңірлердегі онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде кеткен тәртіпсіздіктер туралы жасалған жалпылама жазбаны одан әрі прокуратураға жіберу үшін ұсыну тапсырылды.

Осы отырыста онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыру мәселесі, оның ішінде онкологиялық ауруға күдікті науқастарды компьютерлік және магниттік-резонанстық, клиникалы-диагностикалық қызметтермен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылға арналған онкология жөніндегі кешенді жоспар аясында 1 592 804 мың теңге бөлінді.