Руханият • 14 Мамыр, 2019

Ерлік туралы деректі фильм

1494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Ауған со­ғысының аты аңызға айналған ар­дагері, арнайы мақсаттағы 177-жасақ командирі Борис Тө­кенұлы Керімбаев туралы деректі фильмнің премьерасы өтті.

Ерлік туралы  деректі фильм

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильмнің көрсе­тіліміне Қорғаныс министрі Нұр­лан Ермекбаев, Мәдениет және спорт ми­нистрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парла­мент депутаттары мен қоғам қай­­рат­­керлері, Ауған соғысының арда­герлері қатысты. 

Ел ішінде «Қара майор» атанып кеткен тұлға жайындағы толықметрлі деректі туын­дының сценарий авторы және тең ре­­жиссері – Әсет Ерназаров пен Ғазиз Насыров.

Режиссерлердің айтуынша, атал­ған туын­дыны түсіру барысында негі­зінен архив материалдары мен соғыс ар­дагерлерінің естеліктеріне басым­дық беріліпті. «Өйткені Ауған соғы­сының ардагерлері әлі де арамызда жүр. Сол себепті де фактілер мен оқи­ғаларды сөйлетуде барынша дәлдік пен дәйек­тілікке назар аудардық» деп атап өтті режиссер Әсет Ерназаров. 

Көрсетілім соңында Ауған соғысы­ның ардагерлері фильмді түсірген шығар­ма­шылық топ­қа өз ризашылығы мен алғыс сезім­дерін білдіріп, командир Борис Керімбаев пен Ауған­стандағы қызмет­тері жайлы тұшымды естеліктерімен бөлісті. Өскелең ұрпаққа батасын беріп, Ота­нымызда мәңгілік тыныштық пен бейбіт өмірдің орнауын тіледі. Осылайша, фильм премьерасына жиналған Ауған соғысы ардагерлері мен әскери қызметкерлер, жалпы көрермен залдан риза болып тарқасты.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 17:44

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум • Бүгін, 15:45