Қазақстан • 15 Мамыр, 2019

АХҚО: сәуірдегі сауда-саттық

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қуаты артып келеді. Мәселен, сәуірдегі жағдайға сәйкес, қаржы орталығының биржасында (AIX) қаржы айналымының көлемі 22, 6 млн АҚШ долларына жетті.

АХҚО: сәуірдегі сауда-саттық

Мұндай ірі көрсеткішке «Қазатомөнеркәсіп» ұлт­тық компаниясының жай ак­ция­лары әсер етті. Атап айт­қанда, ұлттық атом ком­паниясының құн­­ды қа­ғаздары 792 250 165 тең­геге бағала­нып, 468 келі­сім жа­сал­ған. Сол сияқ­ты «Қаз­атом­­өнер­кәсіптің» жа­­һан­дық депо­зи­тарлық қол­хат­тарының негізінде 15 ке­лісімге қол жеткізілді.

Ал ресейлік Polymetal International PLC-дің құнды қағаздар нарығындағы жай акцияларының сәуірдегі айналымы 20 340 006 дол­ларға жетіпті.

Тағы бір айта кетер­лігі, AIX-тың алаңы жаңа ойын­шы­лармен толық­ты. Атап айтқанда, ха­лық­аралық биржаның Еура­зия­лық даму банкі мен «БанкЦентрКредит» АҚ жаңа мүшелердің қатарын толықтырды.

Айта кетейік, АХҚО-ның биржасы – AIX 2017 жы­лы қаржы орталығын дамы­ту тұжырымдамасы ая­сында құрылған-ды. Араға бір жыл салып, былтыр қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пәр­менімен бағалы қағаз­дардың алғашқы саудасы іске асырыла бастады. АХҚО-дан басқа елор­далық биржаның акцио­нер­лері құрамына – GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры, сол сияқты www.aix.kz веб-ресурсында AIX-қа сауда платформасын ұсынатын NASDAQ кіреді.


Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

журналист