Саясат • 16 Мамыр, 2019

Форумды қолдағаны үшін алғыс білдірді

850 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының басшысы Дариға Назарбаева Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадземен екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Форумды қолдағаны үшін алғыс білдірді
М.Бахтадзе Грузия тарихында және екі ел арасындағы достық қа­рым-қатынастарды дамытудағы Қазақ­станның Тұңғыш Президенті Н.Назар­баев­тың рөлін жоғары бағалады.
Сенат басшысы Грузия тарапына қазақстандық бастамаларды қолдағаны, атап айтқанда, Астана экономикалық форумына қатысуы және қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдірді. Грузия премьер-министрі Астана экономикалық форумының ерекшелігіне тоқтала келіп, оның нәтижеге бағытталғанын атап өтті. 

Сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту, маңызды инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар туралы айта келіп, Д.Назарбаева көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды өрістету қажеттігін атап өтті. «Транзиттік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі Қазақстан мен Грузияның мүдделері сәйкес келеді. Біздің мемлекеттердің аумағы арқылы ірі трансқұрлықтық көлік дәліздері өтеді. Бұл зор артық­шылықты пайдалану керек», деді Сенат басшысы.

Тараптар туристік әлеует пен гу­манитарлық ынтымақтастықты ке­ңей­тудің келешегін талқылады. Грузия пре­мьер-министрі Грузияның ішкі жалпы өнімінің 6 пайызы елдегі білім беруді дамытуға бағытталатын жаңа заң туралы хабардар етті. Ол екі елдің жоғары оқу орындарына ынтымақтастықты белсенді дамытуды ұсынды.

Сенат Төрағасы елдегі маңызды ішкі саяси оқиғалар, қазақстандықтардың келешекке зор сеніммен қарайтыны туралы айта келіп, еліміздегі президенттік сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы әңгімеледі. 

Сондай-ақ Грузияны келе жатқан тәуел­сіздік күнімен құт­тық­таған Д.Назар­баева: «Жеңімпаз Грузия халқы­ның өркендеп, дамуына тілек­тес­пін. Бұл мақсатқа жақын болашақта қол жеткізетініне сенімдімін», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар