Сайлау • 16 Мамыр, 2019

Дауыс беру куәліктерін ұсыну және есепке алу шаралары

1618 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы отырысында «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау, беру және есепке алу туралы» мәселе қаралды. Отырысты ашқан ОСК төрағасы Берік Имашев бұл мәселе туралы баяндама жасау үшін сөзді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровқа берді.

Дауыс беру куәліктерін ұсыну және есепке алу шаралары

Баяндамашы заңнамада көз­делгендей, сайлаушының дауыс беру күні тұрғылықты жері бо­йын­ша келуіне мүмкіндік бол­мағаны­мен, оның дауыс беруіне бәрі­бір мүмкіндік жасалғандығын ай­тып өтті.  Өйткені жалпы жұрт­тың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сай­лау­шы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Осы­ған байланыс­ты биылғы кезек­тен тыс сайлау кезінде ОСК дайын­далған, учаскелерге жі­беріл­ген, пайдаланылған және пайдаланылмаған есептен шы­ғару куәліктерінің санын есеп­ке алу және бақылау бойынша іс-шараларды қабылдады, деді К.Петров.

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына енгізілген түзетулерге сәйкес өңір бойынша Аймақтық сайлау комиссиялары (АСК) сайлаушы азаматтарының бірыңғай элек­тронды тізіліміне сәйкес сай­лау­шы­лардың жалпы санының 1%-ы­нан аспайтын есептен шы­ғару куәліктерін дайындауды қамта­масыз етеді, ол туралы бір күн ішінде Орталық сайлау ко­миссиясына хабарлайды. Со­ны­мен қатар АСК қосымша қажет­тілік туындаған жағдайда ОСК келісімімен  жазбаша түрде себептерін көрсете отырып, да­уыс беру басталғанға кемінде үш күн қалғанда қосымша есептен шығару куәліктерін дайындау туралы шешім қабылдайды. 

Бұл ретте облыстық, респуб­ли­калық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне кемінде жиыр­ма күн бұрын (20 мамыр)  аумақтық сайлау комиссияларына бөледі және жібереді, ал аумақтық сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне кемінде он алты күн бұрын (24 мамыр) учас­келік сайлау комиссиялары­на бөледі және жібереді. Есеп­тен шығару куәліктерін беру жоғарыда көрсетілген қағида­лар­ға сай нысан бойынша қа­былдау-беру актісімен ресімде­леді, оған жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комис­сия­ларының төрағасы және хатшысы қолдарын қояды, кейіннен олардың мөрлерімен расталады. 

Учаскелік сайлау комиссиясы (УСК) есептен шығару куәліктерін беруді сайлаушының тіркелген орны бойынша жүзеге асырады. Бұл ретте сайлаушылар тізімінде тиісті белгі қойылады. Бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде да­уыс беруге қатысқысы келетін сай­лау­шыларға есептен шығару куәлігі табыс етілмейді. Есептен шығару куәлігі сайлаушыға оның есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші негізінде (не оның өкіліне сенімхат бойынша) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша беріледі. Учаскелiк сайлау комиссиясына түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жүргізеді. Есептен шығару куәліктерін беру да­уыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретін күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiміне енгізедi.

Учаскелік сайлау комиссияларында пайдаланылмаған есеп­тен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссиясы дауыс берілетін күннің ал­дын­дағы күні сағат 18.00-ден кейін жоюға тиіс және дауыс берудің қорытындылары шығарылған соң жоғары тұрған сайлау комиссиясына береді. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы актілерді қоса тіркей отырып, есептен шығару куәліктерінің пайдаланылғаны туралы есеп береді. Бұдан басқа, УСК дауыс беру нәтижелері туралы және  АСК дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларында есептен шығару куәліктерінің негізінде дауыс берген сайлаушылардың саны, учаскелік сайлау комиссия­сы актілер бойынша алған есептен шығару куәліктерінің саны, УСК дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейін берген есептен шығару куәліктерінің саны және дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін пайдаланылмаған және акт бо­йынша жойылған есептен шығару куәліктерінің саны көрсетіледі.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының назарында бүкіл республика бойынша да­йын­далған, учаскелерге жі­беріл­ген, берілген,  жойылған есеп­тен шы­ғару куәліктері туралы мә­лі­­меттер болады. Бұл шаралар сай­­лау­­шыларға өздерінің сайлау жөнін­дегі конституциялық құ­қық­тарын жүзеге асыруда қо­сым­ша қо­лай­лылық жасауға мүм­кін­дік бе­ре­ді, сондай-ақ дауыс беру құ­қығы­на арналған есептен шы­ға­ру куә­лік­терін жасауды, олар­дың бері­луі мен және есепке алыну ба­­ры­­сын бақылауды қамтамасыз етеді.