Қазақстан • 16 Мамыр, 2019

Қазақстан мен Түркия арасында қатынайтын ұшақтар саны артады

991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда мен Ыстанбұл арасында қатынайтын ұшақтар күніне екі рет жолаушы тасымалдайтын болады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Түркия арасында қатынайтын ұшақтар саны артады

«Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатынау мүмкіндіктерін арттыру үшін түрлі шаралар қабылдауда. Биылғы маусым айынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Ыстанбұл арасындағы әуе рейстерінің санын аптасына 5 реттен 6-ға көбейтеді. Қосымша рейстер А320 кемелері арқылы жүзеге асады», делінген таратылған ақпаратта. 

Комитеттің хабарлауынша, шілде айынан бастап  түркиялық Turkish Airlines компаниясы екі  қала арасындағы әуе рейстерін аптасына 5 реттен 7-ге арттыруды көздеп отыр. Осының нәтижесінде аталмыш қалалар арасына қатынайтын ұшақтар аптасына 13 рет жолаушы тасымалдайды.