Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Баланы еңбекке баулу ерте бастан жүзеге асуы тиіс

1512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Райымбек ауданында республикалық «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен ерекше шара өтті. Жеке компаниялардың қолдауымен жүзе асқан шара жас ұрпақты еңбекке баулуға арналды.

Баланы еңбекке баулу ерте бастан жүзеге асуы тиіс

«Бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман» атты еңбек пәнінің олимпиадасына Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарынан білімді, ізденісі мол оқушылар жиналды. Елімізді тұңғыш рет өткізілген еңбек олимпиадасына облыстық білім басқармасы қолдау білдіріп, «Astra», «Adiroy Kz», «O-brend», «Evo» сияқты жеке компаниялар демеушілік жасаған екен.

– Баланы еңбекке баулу ерте бастан жүзеге асырылуы тиіс. Бұл еңбек олимпиадасын өткізудегі мақсатымыз тек ізденімпаз оқушылардың басын қосып, ісмерлік жарасына қатыстыру ғана емес, жалпы адамзаттың дамуындағы еңбек рөлінің маңызын ұғындырсақ деген ой еді. Бастама оң болған сияқты, енді жыл сайын өткізілетін еңбек пәнінің үлкен шарасы жастарымызды жақсы іске жетелеп, еңбекке жақын болып өсуіне көмегін тигізіп жатса, мақсатымыздың орындалғаны, - деді «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Айдос Суанбеков.

Еңбек пәні бойынша олимпиадаға облыс аудандарынан 74 команда қатысты. Жас шеберлерге  негізінен ауылшаруашылығы, туризм, агротехника бағыты бойынша макеттер жасап, ізденіс жұмыстарын қорғау тапсырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан келген «Квант» командасы бас жүлде иеленді. Оларға «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қоры тағайындаған 150 000 теңге ақшалай жүлде мен арнайы кубок тапсырылды.

Алматы облысы