Қазақстандық дипломат шетелдік журналистерге Қазақстандағы саяси өзгерістер бойынша, сондай-ақ елдегі президенттік сайлауға дайындық туралы хабардар етіп, еліміздің Конституциясының негізгі ережелері мен Қазақстан Республикасы заңнамасы туралы, жоғары мемлекеттік лауазымға үміткерлерді тіркеу, байқаушылардың жұмысы, БАҚ-ты аккредиттеу және сайлау алдындағы үгіт жұмысын жүргізу туралы шарттарды түсіндірді.
В.Темірбаев ел басшылығының халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге деген міндеттемесін, сондай-ақ өзіміздің мүдделеріміз бен басымдықтарымызға сәйкес теңдестірілген сыртқы және тұрақты экономикалық саясатты жалғастыру туралы нақты шешімін растады.
Елші Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде Литва мен Латвия аумағында тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық (сайлау) құқығын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Осыған орай Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде, Вильнюс қаласы, Бирутес көшесі, 20А мекенжайы бойынша № 242 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда Литвадағы Қазақстан Республикасы сайлаушыларының саны 230 болса, ал Латвияда 70 адам бар.
Бұл ретте, Латвиядан келген қазақстандық студенттерге жеке көлік ұйымдастырылуы жоспарлануда.