Саясат • 23 Мамыр, 2019

Еуразиялық медиа форумда ғаламдық маңызды мәселелер саралануда

1141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешелі бері Алматыда жалғасын тауып жатқан XYI Еуразиялық Медиа Форум барысында адамзат үшін аса маңызды саналып отырған өзекті тақырыптар саралануда.

Еуразиялық медиа форумда ғаламдық маңызды мәселелер саралануда

Жер бетіндегі халық саны тоқтаусыз өсіп жатыр. Дамыған және кедей елдердің табысындағы алшақтық тереңдей түсуде. Энергетикалық дағдарыс орын ала бастады. Көп елдердің үкіметтері «жасыл энергетиканы» дамыту жолдарын іздеуге кірісті. Жасыратыны жоқ, энергетикалық ресурстардың азаюына қоса, азық-түлік тапшылығы да әлем елдерін алаңдатып отырған түйткілді түйіннің бірі. Осыған орай, АҚШ-тағы  «Блумберг» ақпарат агенттігінің аймақтық директоры Тодд Баер тараптарды азық-түлікті қаншалықты тиімді тұтынып жатырмыз, адамзат алдында тұрған күрделі мәселелерді шешу үшін қандай технологияларды дамыту керек, - деген сауалды ашық талқылауға шақырды.

Ал «Доха дебаттары» телебағдарламасының  басқарушы директоры Амджад Аталлах: «Бұқаралық медиадағы сандық жүйе: сын-қатерге төтеп береміз бе?» деген тақырыпты  талқыға салып, тараптарға сауал тастады.  Қазір бұқаралық ақпарат құралдарының мүшкіл жағдайы туралы жиі айтылады. Кейбір сарапшылар медиакомпаниялардың түбіне  ғаламтор жетеді деген пікірде. Олардың айтуынша, әлеуметтік желіні негізсіз, дерек көзі көрсетілмеген қарадүрсін ақпарат жайлап алды. Шынында да солай ма? Бүгін осы дағдарыстың шегінен шығып, журналистиканың жарқын болашағына көз тастауға тырысамыз деген сарапшылар, бұдан өзге бірқатар маңызды сауалдарға бірлесе жауап іздеді.


АЛМАТЫ