18 Сәуір, 2013

Әйелдің басты бақыты

347 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әйелдің басты бақыты

Бейсенбі, 18 сәуір 2013 2:20

Мен бес баланы өмірге келтіріп, тәрбиелеп-өсіруіме байланысты зейнет жасына бұдан екі жыл бұрын – 53 жасымда шыққан болатынмын. Әр нәрсеге де қанағат керек. Маған тағайындалған зейнетақы мөлшерін қанағат тұта аламын. Айтайын дегенім, осындай жаста зейнетақыға ерте шығу құқығы жаңа заң тармақтарында бұрынғыша сақталып қала беретіні – болашақта көбейіп, өсіп-өнуімізге жағымды әсер етеді деп ойлаймын.

Бейсенбі, 18 сәуір 2013 2:20

Мен бес баланы өмірге келтіріп, тәрбиелеп-өсіруіме байланысты зейнет жасына бұдан екі жыл бұрын – 53 жасымда шыққан болатынмын. Әр нәрсеге де қанағат керек. Маған тағайындалған зейнетақы мөлшерін қанағат тұта аламын. Айтайын дегенім, осындай жаста зейнетақыға ерте шығу құқығы жаңа заң тармақтарында бұрынғыша сақталып қала беретіні – болашақта көбейіп, өсіп-өнуімізге жағымды әсер етеді деп ойлаймын.

Біз – аумағы үлкен, халқының саны аз мемлекетпіз. Сондықтан көбеймесек көсегеміздің кө­гер­­­мей­тіні де анық. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың мемлеке­тіміздегі демографиялық саясатты тереңдетуге қатысты айтқан «Қазақстандағы халық санының өсімін әр отбасындағы төртінші сәби құрай алады. Сондықтан біз төрт балалы аналарды қолдауға бағыт ұстануымыз керек», деген сөзі әлі күнге дейін құлағымда жаңғырып тұрғандай. Сондықтан болашақта төрт балалы отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау тетіктері ойластырылады деген сенімдемін.
Парламент Мәжілісі мақұл­даған жаңа заңда әйелдердің зейнет жасы өсірілген.  Мұның өзі қоғамда кей жағдайда әртүрлі пікір туғызғанымен, бұл өзгеріс көз­ді ашып-жұмғандай бір сәтте бола қалмайтынын сіңлілеріміз бен қыз-келіндеріміз ескергені жөн. Яғни, бұл үрдіс алдағы 2014 жылдан бастап есептегенде, табаны күректей 10 жыл уақытқа лайықталған. Демек, зейнетке шы­ғу жасын сатылап өсіру айта қаларлықтай әлеуметтік қиындық туғыза қоймасы кәміл.
Мемлекеттегі зейнетақы жүйе­сін одан әрі жақсарту жөніндегі қадамдар, ең алдымен, зейнетақы мөлшерін өсіру мен ұлғайту мақ­сатынан бастау алып отырғанын көпшілігіміз терең сезіне бермейтін сияқтымыз. Осы аралықта әйел адамдар жинақ­таушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ұзарта алады екен. Сонымен бір мезгілде, зейнетақы жинақтарының көлемі де өсетіні белгілі болып отыр.
Көп балалы ана ретінде айтарым, бес және одан да көп бала тауып, зейнет жасына ертерек шығу – әйелдің басты бақыты. Менің ойымша, әйел затының бас­ты адами мұраты – ұрпақ өсіру, оның қызығын көру. Ендеше, 53 жаста зейнет демалысына шығып, немере сүйіп, әже атанып, олардың маңдайларынан иіскеп отырғанға не жетсін! Мен өмірдің басты бақыты осы деп ойлаймын.
Асылғаным ЛЕНОВА, 
көп балалы ана.
Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы.