Руханият • 30 Мамыр, 2019

«Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» таныстырылды

1891 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында қазақтың суырып салма ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлының 180 жылдығына орай жарыққа шыққан «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағының» таныстырылымы өтті.

«Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» таныстырылды

Жұмыс тобы мүшелерінің мәліметі бойынша, жинаққа ХІХ ғасыр әдебиетінің алыбы, Оңтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы мен Қаратаудың күнгейіндегі ақындық мектебінің озық үлгісін жасаған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Түркістан Қ.А. Йасауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ қорларында сақталған қолжазба мұралары, Мырзашөл, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы аудандарынан табылған қолжазбалары, олардың нұсқалары мен версиялары текстологиялық сараптаулардан өткізіліп және әр кезеңде жарық көрген кітаптары негізінде ұсынылды. Бұл жинақ белгілі қолжазба жинаушы, шежіретанушы ғалым Сейітомар Саттаровтың ұзақ  жылдар бойы жинаған қолжазбалары негізіндегі еңбек.  

Жинақтың тұсаукесер рәсімінде М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлбеков, зерттеуші Сейітомар Саттаров, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Бауыржан Төлтаев Төлтайұлы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қарлығаш Қаймақбаева Ескендірқызы, жазушы Смағұл Елубай, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан  Әлімұлы, жазушы  Мамытбек Қалдыбай, дінтанушы ғалым Зікірия  Жандарбек , М.О. Әуезов атындағы  Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің ғылыми қызметкері Нұржұма Елесбай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Светлана Смағұлова, тарихшы-ғалым Әлімғазы Дәулетхан және т.б. сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.  



АЛМАТЫ