Қоғам • 02 Маусым, 2019

Бердібек Сапарбаев Екібастұзға көшіп келген 19 отбасына пәтер кілттерін табыстады

1078 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл мамыр айының басында Екібастұз қаласына 32 отбасы қоныс аударған.

Бердібек Сапарбаев Екібастұзға көшіп келген 19 отбасына пәтер кілттерін табыстады

Валерий Бугаев

Нұр-Сұлтан қаласынан көшіп келген 112 адамның 84-і  балалар.

Енді міне, тағы да 19 отбасы қоныс аударды. Пәтерлер қоныс аударушыларға бес жылға жалға беріледі. Содан кейін олар бұл пәтерлерді сатып алуға құқылы болмақ.

Кеше өңірге жұмыс сапарымен келген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек  Сапарбаев пен облыс әкімі Болат Бақауов қоныстанушыларды құттықтап, оларға жақсы  да, жайлы да өмір сүруге тілектестік білдірді.

3 бөлмелі пәтер алған көп балалы отбасының иесі  Роллан Шенеуов Нұр-Сұлтанда көп жылдар пәтер жалдап тұрыпты. Мамандығы слесарь жігітке  өндірісті өңір Екібастұздан жұмыс жетеді.

– Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірге баспана алу үшін кезекте тұрған көпбалалы отбасылармен кездесу өткіздік, – дейді басқарма мамандары.  

Жалпы, тың бастама ретінде басталған бұл пилоттық жоба аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Екібастұз қаласында баспана беріледі.

Үкімет деңгейінде Нұр-Сұлтан қаласынан жағдайы қиын отбасыларға көмек көрсету мақсатында өңірлік жоба қабылданды. Өңірдің демографиялық жағдайы да ескерілді.