Қоғам • 03 Маусым, 2019

Өнімдерін ұсынды

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен сенбі-жексенбі күндері Нұр-Сұлтан қаласында жылдағы дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қала жұртшылығына Түркістан облысының өнімдері ұсынылды.

Өнімдерін ұсынды

Жәрмеңкеге 77-ден астам ауыр шаруашылығы тауар өн­діру­шілері қатысты. Олар құны 116 млн теңгені құрайтын 365 тонна өнімді саудаға шығарды. Оның ішінде ет және ет өнімдері – 81 тонна, сүт өнімдері – 29 тонна, балық 5 тоннаны құрайды. Об­лыстан келген отандық өнім­дер базар нарқынан 10-15 па­йызға арзан бағамен ұсы­нылды. Айта кетерлігі, Халықаралық балалар­ды қорғау күнімен тұспа-тұс кел­ген жәрмеңкеде 16 жасқа де­­йінгі балаларға Түркістаннан кел­ген балмұздақ тегін таратылды.

Биыл ауыл шаруашылығы саласында оң үдеріс байқалып, жалпы құны 89 млрд теңгені құрайтын 480 жоба іске асса, өңірдегі дән­ді дақылдар 9,8 мың гектарға ар­тық егілген. Бел­гілі болғандай, Түр­кі­стан об­лы­сын­дағы ауыл шаруа­шылығы өнім­дер­інің жалпы көлемі 619 млрд теңгеге жетеді деген жа­ғымды болжам бар.