Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеуді, қазақ халқының тарихын зерттеуді мақсат еткен шараға Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мұрындық болып отыр.
Фестиваль бағдарламасы аясында «Тарихта өз есіміңді қалдыр» акциясы, шеберлік дәрістері, мұражай қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер, Ұлытаудың қасиетті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады деп жоспарланған.
«Ұлы Дала Мұрасы» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты 11 маусым күні сағат 10.00-де Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының алаңында (Алашахан көшесі, 22) өтеді.