Сайлау • 09 Маусым, 2019

Елордада 238 сайлау учаскесі ашылды

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олардың әрқайсысына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және құрамында төрт қызметкері бар комиссия мүшелері бекітілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада 238 сайлау учаскесі ашылды

№ 80 сайлау учаскесінде (С. Сейфуллин көшесі, 59) дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.

«Байқоңыр» ауданының тұрғындары таңертеңнен бастап Қазақстан президентіне дауыс беру үшін келді. Ең алғашқы сайлаушылар естелік сыйлықтар алды.

«Тұрғындар таңертеңнен бастап сайлауға белсенді қатыса бастады, негізінен бұл жастар мен аға буын өкілдері. Бұл қуантарлық жайт. Сайлау учаскесінде дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Ал мен еліміздің азаматы ретінде өз таңдауымды жасап, дауыс бердім», - деп атап өтті № 80 сайлау учаскесінің төрағасы Жеңіс Телемисов.

Қаланың сайлау учаскелерінде үш мыңға жуық сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 1109-ы саяси партиялардың мүшесі болса, 1399 – қоғамдық бірлестіктердің өкілі, сондай-ақ 318 адам жоғары сайлау комиссиялары тарапынан ұсынылды.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің қатарына саяси партиялар мен ҮЕҰ, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер және түрлі мекемелердің қызметкерлері кірді.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлаушылардың санына байланысты 5-тен 11 адамға дейін анықталады.

Әрбір сайлау учаскесінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 2 бақылаушы жұмыс істейді.