Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Ауылдағы аламан

604 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұзынбұлақ ауылының тұрғындары «Ауыл – ел бесігі» атты мереке ұйымдастырды. Киіз үйлер тігіліп, дастарқанға бауырсақ шашылды. Алдымен ауыл әкімі Асқар Мұратұлы құттықтау сөзін арнады. Ауылдықтар соғыс боздақтары мен ардагерлерін еске алды. Тұрғындардың бастамасымен Рамазан айында мешіт салатын орын белгіленіп, жобасы мақұлданған болатын. Келесі кезекте ауыл түгел Бәйгетөбенің басына асыға жетті.

Ауылдағы аламан

Былтыр Ақши ауылында 3 жаңа тұрғын үй салыныпты. Ұзын­бұлақтағы дәрігерлік пунктке 2,5 миллион теңгеге күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізілген. Бү­гінде Е.Бекмаханов атындағы орта мектепте 112 оқушы білім ала­ды. Мектеп жанындағы «Бал­бө­бек» шағын орталығында 40 бала тәр­­бие­ленуде. Сыныптарға муль­ти­медиялық құралдар орнатылған.

Алдағы уақытта Ұзынбұлақ­тағы Мәдениет үйінің қас бе­тіне, электр қуаты жүйе­ле­ріне жөн­деу жүргізіп, мектептің бар­лық есік-терезелерін заманауи түр­де жа­ңалап, еден тақтайлары ауыс­ты­рылмақ. 

Ауылдың ішкі көшелеріне, зираттарға, мал жайылымын ұл­ғай­туға жер телімдерін рәсімдеу, Теңдік – Ұзынбұлақ, Ұзынбұлақ – Ақши ауылдарының автокөлік жол­дарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал «Ауылым – алтын бесігім» мерекесі аясында жылдағыдай дәстүрлі Ұлттық спорт ойындары өтті. Қарағанды облысының да ат­бегілері асыға жетіпті. Күмбір­леген күй, әуелеген әуендерді шырқаған ауыл өнерпаздары, «Әжелер» ансамблі, кішкентайлар мерекелік көңіл күй сыйлады. Кон­цертті ауылдық мәдениет үйі­нің меңгерушісі Самат Абжа­нов пен Е.Бекмаханов атындағы мек­тептің оқушысы Жансая Ғи­наят жүргізді.

«Теңге алу» ойынында Нұрзат Тайтөлеу, Даниял Орал алғашқы орындарды жеңіп алса, көршілес Төрткөл ауылынан келген Төле­ген Серғазиев үшінші орынды ие­ленді. Ал «Аударыспақ» сынында Ұзынбұлақ ауылының балуаны Әлібек Тайтөлеу барлық қарсыласынан басым түсті. Жа­ңа­қала ауылынан келген балуан Нариман Қасенов екінші, Ұзын­­бұлақ ауылының балуаны Арыстан Ақылбеков үшінші орын­­ды жеңіп алды. Сәйгүліктер «Тай жарыс», «Тоқ бәйге» және 30 шақы­рымдық «Аламан бәйгеге» шықты. Әр бәйгеде мәре сызығына бұрын жеткен 6 сәйгүлікке жүлде берілді. Бәйгеде жалпы саны 40-тан аса жүйрік жарыс жолына түсті. Тай жарыста көршілес Родниковский ауылының атбегісі Леня Спиридоновтың аты озып келді. Бұқар жырау ауылының атбегі Нұржан Ермековтің тайы екінші, Ақши ауылының атбегі Бақыт Жәминовтың тайы үшінші орынға ие болды. Тоқ бәйгеде Мұса Шорман ауылының атбегі Серік Әутаевтің тұлпары мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. 

Ауыл әкімі Асқар Мұратұлы­ның айтуынша, шалғайдағы ауыл ұмыт қалған жоқ, мал-жан аман. Дастарқан тоқ. Салт-дәс­­түрін сақтаған ел іші осындай мерекелері арқылы балалар мен жастарға танымдық, ұлттық тәрбие қалдырары сөзсіз. 


Павлодар облысы, Баянауыл ауданы