Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Әлия Юсупованың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде Роза Абитова жеңіске жетті

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте екі бірдей Олимпиада қатысушысы Әлия Юсупованың жүлдесі үшін ұйымдастырылған көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталды.

Әлия Юсупованың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде Роза Абитова жеңіске жетті

Дәстүрлі турнирде биыл сегіз елдің 100-ге жуық спортшысы бақ сынады. Атап айтқанда Әзірбайжан, Беларусь, Израиль, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Қазақстан гимнастары Юсупованың жүлдесі үшін сайысқа түсті.

5 күнге жалғасқан халықаралық доданың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Роза Абитова жеңімпаз атанды.

Турнир бірнеше жас санатында өтті. Негізгі категорияда - «сеньорлар» - алты елден келген 17 гимнаст бақ сынады. 8 елден келген өкілдер медальдар үшін өзара сынға түсті. Жарыс нәтижесінде 74,55 ұпай жинаған Роза Әбітова жеңіске жетті. Беларусиялық Анна Каменщикова 70,8 баллмен күміс медальді жеңіп алды. Өзбекстан атынан шыққан Наргиза Джуманиязова 63,6 ұпай иемденіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.