Президент • 14 Маусым, 2019

Халықтың саналы таңдауы және сенімі

548 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Президенттік сайлау – елдің саяси өмірі мен экономикасына қатысты өзгерістердің белгілі бір «іске қосу тетігі» және маркері.

Халықтың саналы  таңдауы және сенімі

Қазіргі Қазақстанның саяси өмірінде 2019 жылғы 9 мау­сым­­да өткен Президент сайла­уы маңызды оқиға болып са­на­лады. Президенттік сайлау – ұлттың тарихи өзін өзі анық­тауының жауапты сәті болды. 1995 жылы бүкілхалықтық рефе­рен­думда Қазақстан халқы күш­ті президенттік билік жолын таңдады, ол елдің тұрақты және баянды даму сипатын анық­тады. Осы жолғы сайлау стратегиялық бағыттың та­быс­­тылығы мен тиімділігін, сенім­ділігін қамтамасыз ететін сая­си өмір мен экономикадағы одан арғы өзгерістердің негізгі мар­кері және катализаторы болды. Қазақстан халқы өз таң­дауын жасап, Елбасының бағы­тына деген сенімділігін растап, сайланған Мемлекет басшы­сына деген өз көзқарасы мен сенімін танытты.

Қазақстандықтардың таңдауы тиісті қоғамдық көңіл күйді, ең алдымен, баршаға арналған баршылық, әл-ауқат идеяларын қол­дауды көрсетті. Бұл идея Пре­зидент бағдарламасының негізгі ережелерінде көрініс табады: елдің стратегиялық бағытының сабақ­тастығы, әлеуметтік әділет­тілік тұжырымдамалары және одан әрі ілгерілеу.

Қазіргі президенттік сайлаудың бірнеше ерекшеліктерін атап өт­кен жөн.

Біріншіден, сайлауға саяси партия­лардың ғана емес, сонымен қатар қоғамдық бірлес­тіктердің өкілдері де қатыс­ты. Бұл ретте сай­лауалды бағдар­ламаларда қоғамның негізгі идео­­логиялық бағыттары мен саяси сенімдерін көрсететін идея­лар палитрасы басым екенін атап өту қажет.  

Екіншіден, сайлауалды пре­зиденттік жарыста үміткер­лер санының және жаңа қосыл­ған­дардың басым болуы байқалды. Сай­лау бюллетенінде алғаш рет жеті үміткердің аты-жөні жазылды. Одан бұрынғы рекорд – 2005 жылы бесеу болды.

Үшіншіден, сайлауалды жа­рыс­та үміткер ретінде әйел адамның болуы. Тәуелсіз Қазақ­стан тарихында тұңғыш рет үміткер әйел қатысқанын, бұл ретте ол өзінің праймеризін жүргізген саяси партиядан ұсынылғанын атап өту қажет.

Төртіншіден, ұлттық байқау­шылар институтын белсенді дамыту. Биылғы президенттік сайлауда Ұлттық байқаушылардың басымдығын және олардың бел­сенді жұмысын, әсіресе өңір­лерде әділ және адал сайлауды қам­тама­сыз ету жөніндегі жұмысын ерек­ше атап өту қажет.

Мысалы, «Аманат» азаматтық тұғырнамасы бүкіл ел бойынша 700-ден астам ҮЕҰ тартты және президенттік сайлауды байқаушы ретінде 16 мың адамды дайындады. Бұл тәжірибе азаматтық белсенділікті, сондай-ақ халықтың саяси мәдениетін арттыруға мүмкіндік берді. Оған қоса, халықаралық қоғамдастық үшін сайлаудағы халықтың аза­маттық белсенділігі белсенді саяси ұстанымның басты көрсет­кіші, сондай-ақ азаматтар тарапынан патриотизмнің көрінісі ретінде сипатталды.

Бесіншіден, сайлаушылардың сайлауға қатысуы 77,4%-ды құра­ды. Халық тарапынан саясат­қа деген қызығушылықтың төмен­деуінің әлемдік тренді аясында Қа­зақстан жоғары азаматтық бел­сенділікті және халықтың сайлау үдерісіне көптеп тартылуын көрсетті.

Алтыншыдан, өткен прези­денттік сайлау жариялылықты, әділ­дікті және ашықтықты қам­тамасыз ете отырып, демокра­тия қағи­даттарына сәйкес бол­ғанын атап өткен халықаралық бай­қау­шылардың белсенді жұ­­мысы. Прези­дент сайлауы азаматтардың құ­қықтарын жү­зеге асырудың жо­ғары дең­гейін көрсетті.

Жетіншіден, халық тек нақты кандидаттарды ғана емес, сонымен қатар сайлау үдерісі мен те­хнологияларды де белсенді тал­қылады. Шартты түрде бұл көрсеткіш, қоғам әрбір аза­­маттың дауысына біздің мем­лекетіміздің тағдырына бай­­ланысты екенін түсінетінін аңғартты.

Президенттіктен үміткерлер ақ­параттық-коммуникациялық тех­нологияларды, әсіресе әлеу­меттік медианы пайдалану тәсілін өзгерт­ті. Көбінесе үміткерлер өзі­нің сайлауалды идеяларын визуа­лизация және графикалық кон­тент арқылы көрсетті. Сон­дай-ақ сайлаудың жоғары тех­но­логиялылығы көптеген жа­ңа қа­дамдар, жаңа акциялар қол­данылуы арқылы сипатталды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Birge» республикалық штабының науқанын атап өту қажет. Оған кандидаттың өзі бас­тамашылық етті және шын мә­нінде бұл науқан үлкен табыс­қа ие болды. Оның табысы «сай­лаушылардың қолы» деп аталатын ресурсты пайдалануымен байланысты. Жалпы, кез келген кандидаттың табысы – ол сайлау­шылармен тікелей қалай жұмыс істейтінінде. Менің ойымша, «Есік­тен есікке» науқаны осыған жақ­сы мысал болды.  Бұл қадам қазіргі сайлау науқанында да белсенді қолданылды. Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб осы нау­қанға 20 мың жас еріктіні тарта алды.

Жалпы, барлық кандидаттар штабтарының жұмысы қысқа уақыт мерзімінде өтіп, олар үшін үлкен сынақ болғанына қа­ра­мастан, сайлаушылардың бел­сенділігі бойынша сайлауға қатыс­қан барлық кандидаттардың штабтары өз ресурстарын толық көлемде жүзеге асырғанын көр­сетті.

Бір айта кетерлігі, кандидат­тардың сайлауалды үгіт-наси­хат жұмыстарының мони­торингі мен талдауы елдің медиа­сферасындағы интернеттің аса маңыздылығын көрсетті. Сай­­лауалды жарыста қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен азаматтық белсен­ділігіне айтарлықтай ықпал етті, бұл сондай-ақ сайлаушылардың сайлауға келуінің жоғары дең­гейіне әсер етті.

Президент лауазымына кіріс­­кен Қ.Тоқаевтың сайлауал­ды тұғырнамасы көптеген сай­лаушы­лардың қолдауына ие болды. Ол тек ауқымды және мазмұнды ғана емес, ол орындалу шынайылығы тұрғысынан ойластырылған және халықтың үміттеріне жауап береді. Мемле­кет басшысының халықтың жағ­дайын жақсы білетіндігін оның ұлықтау рәсіміндегі сөзі растайды.

Жаңадан сайланған Мемлекет басшысы өз саясатының басым­дықтарын атап өтті: әлеуметтік міндеттерді шешу, кәсіпкерлікті қолдау және қоғам бірлігін қам­тамасыз ету, халықтың табысын арттыру, халықты жұмыс­қа орналастыру, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес. Біз көріп отыр­ғанымыздай, осы басымдықтарды іске асыру қазірдің өзінде басталды. Мысалы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің екі ведомствоға бөлінуі сыбайлас жем­қорлық­қа қарсы стратегияны инс­титу­цио­налдық нығайтуды көрсетеді.

Сайланған Президент жас­тарға ерекше көңіл бөлу­ді және жас кадрлармен мемле­кеттік басқару жүйесін жаңар­тып, жас дарынды басқару­шыларды мемлекеттік қыз­меттің барлық деңгейлеріне жылжыту үшін «Президенттік кадр резервін» қалыптастыруды ұсынды.

Сонымен еліміздің саяси өмірінде дамудың жаңа кезе­ңі басталды. Қазақстанның сая­си, сондай-ақ әлеуметтік-эконо­микалық реформаларды жүр­гізудегі баға жетпес тәжірибесі, мемлекеттік билік институттарын, қоғамның саяси жүйесін жаңғырту Президент Қ.Тоқаевқа елдің одан әрі үдемелі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Президент Қ.Тоқаевқа жүк­телетін ерекше миссия мен жауап­кершілік оған деген халықтың жоғары сеніміне байланысты.

Инаугурация кезінде Прези­дент «Мен үшін Президент ретінде экономикалық дамудың жалпы сандары емес, барлық азаматтарымыздың нақты әл-ауқаты ең маңызды болып табылады», деді. Осы арқылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың үмі­тін ақтау үшін өзінің барлық күшін, жоғары кәсібилігі мен адами қасиеттерін жұмсайтынын көрсетті.


Зарема ШӘУКЕНОВА, 
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры