Саясат • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитінде он екі елдің алдында сөз сөйледі. Ол экономикалық қылмыстарға қарсы бірлесіп күресуге шақырды.

Бірлесіп күресуге шақырды

Қырғызстан басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қауіпсіздігіне қауіп төндіретін экономикалық қылмыстар туралы айтты.

«Экономикалық қылмыстар трансұлттық сипат ұстанады. Олар есірткінің заңсыз айналымымен, контрабандамен тығыз байланысты. Сайып келгенде, олар мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді», - деді ол. Сондай-ақ Президент экономикалық қылмыстармен күресетін ШЫҰ органын құруды ұсынды.

Бүгінгі күні ШЫҰ-на сегіз мемлекет мүше: Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан.

Сонымен қатар төрт ел - Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бүгінгі саммитте бақылаушы қызметін атқаруда.

Әсем ТАҢАТАР, 

Еуразия Ұлттық Университеті